Механикалық-құрастыру цехтарын жобалаудың мақсаты мен міндеттері.
Цехты жобалаудың жалпы сұрақтары. Өндірістік және технологиялық
процестер. Механикалық-құрастыру цехының құрамы және оны жобалау кезінде
шешілетін міндеттер. Жобалау тапсырмалары және жобалауға қажетті
мәліметтер. Дәл және шартты өндірістік бағдарлама. Жұмыс режимі мен уақыт
қоры.
Машина жасау заводтарының механикалық-құрастыру өндірісі механикалық
өңдеу мен құрастыру бөлімшелерінен (участоктарынан) тұратын дербес
механикалық цехтар мен құрастыру цехтары немесе біріктірілген механикалық-
құрастыру цехтары арқылы ұйымдастырылады.
Завод құрамындағы бірнеше механикалық және құрастыру цехтары белгілі
бір бұйымды, торапты немесе бөлшекті шығаруға мамандандырылады. Механикалық
цехтарды мамандандыру заттық немесе технологиялық принцип бойынша іске
асырылады. Заттық мамандандырылған цехтарға мысал ретінде двигательдер
цехын, беріліс қорабы цехын және агрегаттық цехтарды келтіруге болады.
Технологиялық мамандандырылған цехтарға автоматтық цехтар, шестернялар мен
біліктер цехы және т.б. жатқызылады.
Механикалық-құрастыру цехының құрамы және оны жобалау кезінде
шешілетін міндеттер
Механикалық-құрастыру цехының жобасында онда жүргізілетін барлық
процестерді (өндірістік процесс) орындау үшін қажетті негізгі және көмекші
технологиялық қондырғылар, көтеру-тасымалдау қондырғылары мен қоймаға
арналған қондырғылар және басқа қондырғылар, оларды орналастыруға қажетті
алаңдар және тиісті өндірістік, көмекші және әкімшілік-техникалық персонал
қарастырылуы керек.
Жобалау практикасында негізгі міндеттер мынадай кезектілікпен
шешіледі.
1. Жобалауға арналған бастапқы мәліметтерді зерттеу және нақтылау.
Берілген номенклатура объектілерін өндірістік участоктарға бөлу және бекіту
және жобаланатын әрбір участоктардың өндірісті ұйымдастыру формасын алдын
ала таңдау алу.
2. Дайындама түрлерін таңдап алу және дайындамалар сырт жақтан
алынатын болса, онда жеткізуші-заводтармен немесе цехтармен оларды
әзірлеудің техникалық шарттары келісіліп алынуы керек. дайындама цехтарын,
қоймаларды, цехтар арасындағы транспорт құрылғыларын жобалауға арналған
мәліметтерді нақтылап алу мақсатында дайындамалар, жартылай дайын өнімдер
және материалдар түрлері бойынша бір жылдық қажеттілікті анықтау.
3. Бөлшектерді әзірлеудің технологиялық процесін жобалау, оларды
нормалау және номенклатураны, толық цехқа және оның өндірістік
участоктарына арналған өндірісті ұйымдастыру формасы мен типін соңғы рет
анықтап алу.
4. Қабылданған технологиялық процесс бойынша негізгі өндіріс
участоктарындағы қондырғылар санын есептеу. Арнаулы және стандартты емес
қондырғыларды жобалау бойынша тапсырмаларды жасау.
5. Цехтың көмекші қызметтері мен участоктарының құрамын (қоймалар,
жоңқаны қайта өңдеу жүйелері, майэмульсия шаруашылығы, транспорт) анықтау;
негізгі өндірістің ұқсас участоктарын (термиялық цехтар немесе бөлімшелер,
қорғағыш қаптамалар участогы және т.б.) жобалауға тапсырма беру.
6. Типажды таңдап алу және өндірістің көмекші участоктарындағы
қондырғылар санын есептеу.
7. Транспорт құралдары мен жүк көтеру-тасымалдау құрылғыларының типі
мен қажетті санын анықтау.
8. Жұмыс істейтіндер санын есептеу.
9. Қажетті өндірістік, көмекші және қызмет-тұрмыстық алаңдарды
анықтау.
10. Цехтың компоновкалық планын құру және жобаның арнаулы бөлімдері
(архитектура-құрлыс, энергетика, санитарлық-техникалық және т.б. бөлімдер)
мен жобаның сметалық бөлімін жасауға тапсырма беру.
11. Жобаның арнаулы бөлімдері бойынша шешімдер қабылдау және құрлыс
подоснов жасау.
12. Өндірістік және көмекші участоктарға қондырғылар мен жұмыс
орындарын орналастыру жобасын және тапсырыс беру спецификациясын жасау.
13. Өндіріс (цех, участоу) бойынша техникалық-экономикалық
көрсеткіштерін анықтау.
Тапсырмада цехта құрастырылатын барлық тораптар мен бұйымдардың
сызбалары және ондағы барлық бөлшектердің жұмыс сызбалары және оларды
құрастыру мен сынақтан өткізуге арналған техникалық талаптар болуы керек.