Дәріс 6. Әртүрлі нарық үлгісінде баға құрудың ерекшеліктер

Кәсіпорынның баға саясаты нарықтық бағаның бет алысы көптеген жағдайда нарық құрылымының бәсекеге жарамдылығына байланысты. Қазіргі батыс әдебиеттерінде, нарықтық қатнастардың қатысушыларының өзара қалай бәсекелесуіне байланысты бәсекелестікті екі түрге бөледі: жетілген (еркін) және жетілмеген бәсеке нарығына.
Жетілген бәсекелестік – бір- біріне ұқсас, бірін- бірі ауыстыратын, бір көлемде тауар өндірушілердің бақталастығы. Бұған тән нәрселер:
а) бір түрлі тауар өндіретін фирмалардың көп болуы;
б) әр түрлі өндіріс секторларына тауар өндірушілердің еркін араласуы;
в) әр түрлі кәсіпорындардың бір өндіріс секторында бір түрлі тауарлар өндіруі;
г) сатып алушылар мен сатушылардың нарықты жақсы білуі. Жетілген бәсеке (еркін бәсеке нарығы) деп нарықта бір біріне тәуелсіз көптеген сатушылар мен сатып алушылар қызмет ететін және тең мүмкіндіктері мен құқықтары бар бәсекенің идеалды түрін айтады.
Жетілген бәсекенің негізгі белгісі: әрбір фирманың үлесі жалпы өнімге шаққанда аз болғандықтан, әрқайсысының бөлшек бағаға әсері өте төмен болады, ұсыныс бағалары төменгі шекте теңеледі.
Сонымен қатар барлық елдерде бағаға байланысты бәсекелестіктердің түрлері бар. Оларға жататындар: монополиялық жоғарғы немесе төменгі баға қолдану, баға дискриминациясы.
Монополияда жеке дара сатушы, жақын ауыстырушы өнімдер болмайды, бағаны өздері белгілейді, басқа бәсекелестердің салаға кіруіне жол жоқ. Монополия дегеніміз ұлттық шаруашылықтың саласында алдыңғы қатарлы орын алатын үлкен корпорация. Ол бірнеше компаниялардың қосылуы арқылы құрылады және оның мынадай ұйымдық формалары бар: картель, синдикат, трест, концерн және конгломерат.
Картель (француздың «картел» — келісім, одақ деген сөзі) – шығарылып отырған өнім мен өткізу нарығын бөлу туралы келісім квотасы (үлесі).
Синдикат (гректің «синдикос» — қауымдастық деген сөзі) — өнімді бірлесіп өткізуді ұйымдастыру мақсатымен бірігу.
Трест (ағылшынның «траст» — сенім деген сөзі) – монополияға енетін фирмалардың меншік, өндіріс және өнімді өткізуге байланысты бірігуін көрсетеді.
Концерн (ағылшынның «концерн» — бірлестік деген сөзі) – қаржы орталығы бір, бірақ, жалпы технологиясы біріккен әр түрлі фирма, салалардың ұйымдық формалары кіретін монополия.
Конгломерат (латынның «конгломератус» — жинақталған деген сөзі) – бір- бірімен ешбір өндірістік және технологиялық байланысы жоқ ірі корпорациялардың салаға кіруіне негізделген бірлестік.

 

Кесте 1 — Нарық түрлерінің сипаттамасы

белгілері
Жетілген бәсеке
Жетілмеген бәсеке

Таза бәсеке
Монополистік бәсеке
Олигополия
Таза монополия
Фирма лар саны
Өте көп
Көп
Бірнеше
Біреу

Өнім түрі

Біртекті

Әртүрлі
әртүрлі немесе біртекті

Бірегей
Бағаны бақылау

Жоқ
Бар, бірақ өте әлсіз деңгейде
Сөз байласу кезінде елеулі
Елеулі
Нарыққа ену шарты

Кедергінің болмауы
Салыстырмалы жеңіл кедергі
Айтарлықтай кедергі бар
Нарыққа ену мүмкін емес
Бағалық емес бәсеке лестік
Жоқ
Жарнамаға, сауда белгісіне, маркаға көп көңіл бөлінген
Өте тұрпатты
Жарнамаға, фирманың қоғамдық организациялармен байланысына көп көңіл бөлінеді
Мысал
Ауыл шаруашы лығы
Киім, аяқ- киім өндірісі, бөлшек сауда
Автокөліктердің, тұрмыстық аспаптар өндірісі
Қоғамдық қолданыстағы жергілікті кәсіпорындар

Монополияның пайда болуы бәсекені жетілмеген (жетілмеген бәсеке нарығы) сипатта дамытады. Жетілмеген бәсеке деп еркін бәсеке шарттарының кем дегенде біреуі орындалмайтын нарықты айтады.
Жетілген бәсекеге қарағанда, жетілмеген бәсеке мемлекеттің және монополияның әсерінен шектеліп отырады. Жетілмеген бәсекенің бірнеше үлгілері бар:
1) монополиялық бәсеке
2) олигополия
3) таза монополия
Әдетте, нарық төрт тұрпатқа бөлінеді (еркін бәсеке, монополистік бәсеке, олигополистік бәсеке және таза бәсеке), олардың әрқайсысы салалық және кәсіпорындар шығарған өнімдердің бағаларын қалыптастырудың ерекше жағдайларын сипаттайды.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ДАМЫТУ
ЖӨНІНДЕГІ 2010 – 2014 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН
БАҒДАРЛАМАмен танысу ұсынылады
HYPERLINK «http://www.kasipkerlik-atyrau.kz/kaz/uploads/konkur2010-2014kaz.doc» http://www.kasipkerlik-atyrau.kz/kaz/uploads/konkur2010-2014kaz.doc

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *