Дәріс мақсаты: Еуразия өркениеті аясындағы қазақ мәдениетінің бар екенін қарастыру
Тақырыпқа қатысты сұрақтар:
Еуразия өркениетінің тарихи-мәдени бастаулары мен негізгі тұғырнамалары.
Еуразиялық дала өркениеті кеңістігіндегі Қазақстан.
Еуразия мен Қазақстандағы өркениет бағыттары.
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер);
Қазақ өркениеті ұғымын нақты тарихи, рухани- мәдени және ғылыми тұрғыдан негіздеу бүкіл қазақстандық әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар жүйесін өзгертуге, көне заманнан бүгінгі күнге дейінгі ұлттық тарихымызға мәдени- өркениеттік тәсілмен жаңаша қарауға, ескірген Қазақстан тарихына деген бұрынғы батыстық немесе ресейлік көзқарастан мүмкіндігінше бас тартуға итермелейді. Кең байтақ Еуразия даласында отырықшылық мәдениетпен қолтықтаса отырып, көшпенділер мәдениеті де қалыптасып, айрықша қазақ-қыпшақ өркениеті өмір сүрген. Қазақ өркениетінде өркениетке тән тәңірлік дүниетанымы мен зорастірлік діні, өзіндік төл жазуы, рухани және материалдық мәдениеті, эпостары, философиясы, ғылымы, музыкасы, өнері, қалалары, архитектурасы, халықтары, мемлекеттері болған. Өркениетті ел болғанлықтан республиканың дамуы баянды болуының бір кепілі- өзіміздің рухани- мәдени дүниеміздің тарихи өткеніне қайта үңілу, оларды ой елегінен өткізу, тарих қатпарында қалған рухани дүниеміздің жанды тамырларын қайта қалыптастыруымыз керек. Әрине келешекте мұндай руханиятылықтың зердеханасы толыққанды болып өсетін ұрпақтар, байырғы қазақи тек емес, еліміздің қазіргі күрделі жағдаятынан туындайтын, келешектегі қазақ халқының әлем халықтары арасынан өзінің шығар төріндегі орнын өз беделімен алатын, кейін кең өріс пен ұрпақтар жаятын жас буындары болды.
Өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар:
Еуразия аумағындағы этномәдени және этносаяси үдерістер. Қазақстан аумағындағы тайпалық одақтардың саяси және этникалық тарихына қатысты тарихи тұжырымдар. Еуразия мен Қазақстандағы өркениет бағыттарын ашып көрсет.
Әдебиеттер: 2, 5-7.