Ізденіс методикасы.

5 тақырып. Батыс және Шығыс өркениеттері кең мәтініндегі қазақ мәдениетінің ұлттық құндылықтар жүйесі.
Дәріс мақсаты: Батыс және Шығыс өркениеттері кең мәтініндегі қазақ мәдениетінің ұлттық құндылықтар жүйесін қарастыру.
Тақырыпқа қатысты сұрақтар:
Қазақ мәдениеті Шығыс пен Батыс тоғысында.
Бұқаралық мәдениет өрісіндегі қазақстандық өркениет.
Қазіргі ұлттық өркениет кеңістігіндегі мәдени инновациялық үрдістер.
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер);
Еуропалық Батыс адамы Шығыс адамының қолынан келмейтін өнерге баулыдым деп санап келді. Ал қазіргі жағдай мүлдем басқаша. Дегенмен қалыптасып қалған қағидатты Шығыс өркениетінің жаңа келбеті мүлдем өзгертті деуге болады.
Мәселен, Жапония. Күн Шығыс елі тұрақты экономикасы мен саяси құрылымын әлемнің ең жетекші елдерінің біріне айналды. Және де ғылым, техника, электроника, тіпті басқа мәдени құндылықтарға негізделмеген өзіндік рухани дамуы ең прогрессивті елдер санатына қосты. Ал аспан асты елі- Қытай бүгінде әлемдік нарықта ең байсалды ұстанымға, орасан әуелетке ие болып отырғанын ең қуатты держава саналып келген Американыңм өзі мойынсұнып отыр. Қытай ХХІ ғасырда тек экономикалық дамуымен ғана емес, сондай-ақ саяси дамуымен де ерекшеленуде. Ғасырлар бойы қатталып, сақталып, бүгінгі ұрпаққа жақсы мен жаманның бастауы іспеттес ин мен яннің мәңгілік философиясынан үйлесімдік іздеген рухани құндылықтардың өркендеуімен ерекшеленуде. Еуразиялық мәдени типтің сиппатамасын осы мәселе туралы жоғары теориялық деңгейде жазылған Н.Құрманбаеваның Шығыс пен Батыстың мәдениеті: интеграция мәселелері атты кітабының қорытындысымен жалғастырайық. Біріншіден, еуразиялық қозғалыстың тарихи кезеңі болуы ықтимал…Екіншіден, ол екіжақты экспанцияны тоқтатып тұрған су айрығы, кедергі болуы да мүмкін…Үшіншіден, еуразиялық тип Шығыс пен Батыстық мәдениеттердің кездесу бітімі және осы сипатта адамзаттың жалпыпланеталық болашақта тұтастандырылатын мәдениетінің прототипті үлгісі бола алады.
Өзін-өзі бақылай үшін тапсырмалар:
Қазақ мәдениеті Шығыс пен Батыс тоғысында екенін талдаңыз.Бұқаралық мәдениет өрісіндегі қазақстандық өркениетте екенін ашып көрсетіңіз. Қазіргі ұлттық өркениет кеңістігіндегі мәдени инновациялық үрдістерін талда.
Әдебиеттер: 1,2,5,6,7.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *