Жаһандану процесі және Қазақстан Республикасының дамуы

Әлемдегі жүріп жатқан жаһандану процесіне ғылыми және қоғамдық орталарда екі түрлі көзқарас бар. Бұл процесті У.Бек «трансформациялану» деп атады. Біз де Қазақстан Республикасыныњ ғаламдануға бейімделіп, елдің индустриялық-инновациялық, мєдени жоғары дамуы арқылы тєуелсіздікті нығайта түсетін дамуын «ұлттық трансформациялану» немесе «модернизациялау» деп атадық.
Н. Назарбаевтің 2006 жылғы 26 мамырда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті студенттері алдында «Инновациялар мен білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына» атты лекциясында жаһандану құбылыстарының қазіргі қалпы, оның барысы мен бірқатар ерекшеліктері төмендегідей сипатталды:
— планетаның біртұтас экономикалық рынокқа, ақпараттық және ком¬му¬никативтік біртұтас кеңістікке айналып, осы негізде адамзаттың бірлесуі артуда;
— «шекарасыз» әлем жағдайында капиталдың, қаржының ақпарат¬тың және адамдардың еркін қозғалысы мен қоныс тебуі серпін алуда;
— жаһандануға ықпал етіп, аталған құбылыстардың тереңдей түсуіне халықаралық сауда, үздіксіз жүріп жатқан халықаралық валюта нарығындағы валюталық операциялардың тез дамуы, ақпаратттық және интеллектуалдық идеялардың қозғалысындағы еркіндік ықпал етуде. Әлемдік ішкі жалпы өнім¬нің 60 пайызы халықаралық сауда айналымында. Соңғы 20 жылда дамушы елдер¬ге инвестиция салу 100 есе артты.
Сонымен, бұрынғы дәстүрлі «интеграция», «одақ» ұғымдары мен оның шындығы жаңа әлемдік құбылыс – «жаһанданумен» толықты. Интеграциялық құбылыстар жеке мемлекеттердің, қоғамдардың өзіндігін, саяси, мәдени және экономикалық дербестігін сақтай отырып, айталық, еңбек бөлінісін, бірлесіп қауіпсіздікті сақтауға бағдарланды. Экономикалық, ақпараттық, саяси, мәдени, демографиялық, технологиялық жаһанданудың қазіргі қалпы бәсекеге қабілетті немесе қабілетсіз деген ұғымдармен өлшенуде. Қалайда аталған арабай¬ланыстар негізінде әлеуметтік қатынастардың да жаһандануы жүріп жатыр. Сол себепті әлемдік қауымдастық, соның ішінде Қазақстан Республикасы да БҰҰ қызметін реформалауды ұсынуда. Бұл бағытта ғалымдар өз үлесін қосуға тиіс.
Батыс әлеуметтанушылары И. Валлерстайнның ойынша капитализм шегі жоқ капиталды өсіруге тырысушылық және нарықтық индивидуализм нарық¬тан тыс жатқан нормалармен үйлеспесе, ұйымдастырушы негіз бола алмайды. У. Бектің түсінігінше К. Маркстің «жұмысшы табының Отаны жоқ» деген тұжырымын қазіргі жаһанданушы қоғамдастықта төңкеріп қарау керек. Жаһандандыруды кәсібі етіп алған капитал иелерінің отаны жоқ, сол себепті жұмысшы қозғалыстары өз мемлекетінен өктемдігі асып бара жатқан жаһандық қозғалыстардан қорғауды сұрайды. Осы тұжырымдар қазіргі саясаткерлер назарында болғаны қажет.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *