«Тәрбие тал бесіктен»
демекші, жас ұрпақтың
тәрбиесін кімге тапсырмақпыз?
«Мен үш нәрседен қорқамын. Өзінің сәбиіне бесік жырын айта алмаған анадан, өзінің нөмересіне ертегі айта алмаған ата мен әжеден, екі қазақтың бір-бірімен орысша сөйлесіп тұрғанынан қорқамын», — деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай, мен де осы үш тың дүниеден қорқамын. Осы дүниелердің басты кіндігі тәрбие деп ойлаймын. Тәрбие бар жерде осы басты үш мәсәле бүгінгі таңда шешімін таба алмаған үлкен сұраққа айналмас еді деп ойлаймын.
Бесік жырын айта алмайтын аналарымыз бен өзінің немересіне ертегі айта алмаған әжелеріміздің де бала кездерінде бесік жыры мен ертегіге сусындап өспегені айдан анық. Ауыл үлкендерінің жанында жүріп, олардың өнегелі әңгімесін тыңдап, ертегіге құлақ құршынын қандырып, қанатына жан бітіріп өскен баланың сана-сезімі басқалардан ерекше болып қалыптасқанымен қоймай, олар өзінің келер үрпағының бойына дарыта сіңірген өнегелі әңгілмелерімен таң ғажайып ертегілерін паш етіп тәрбиелер еді.
Қара көз бауырларымыздың орыс тілінде сөйлесуі де үйдегі көрген тәлім-тәрбие мен үлгі өнегенің ұшығы деп білемін. Кішкентай бүлдіршіндердің де орысша шүлдірлеп жүргенін күнде байқайтын күнге де жеттік. Иә, өздерінің қазақ екенін білмейтін ұрпаққа не дей аламыз?
Ойымды одан әрі толықтырсам, бұрын ата-ана баланың бойына ұлттық салт-дәстүрді сіңіруге мән беріп, тәрбие мәселесін әжелеріне тапсыратын. Бүгінгі таңца жас үрпақтың көзқарасы өзгерген. Қазақ қоғамы одан ұтылып та ұмытылып бара жатқан тәрбие жоқгың қасы. Қазакта ата-әжесінің тәрбиесін көрген бала зерек болады, айналасына да ерекше көзқараспен қарап үнемі ізденіс үстінде жүреді.
Әже-отбасының алтын қазығы. Өмірден көргені мен түйгені мол әжелеріміздің тәрбиелеген баланың ең алдымен тілі тез шығады. Өйткені әже баламен үлкен адамша сөйлеседі. Сол себепті әже тәрбиелеген бала сөздің мәнін біледі. Бала үнемі үлкендермен бірге жүріп, олардың өнегелі әңгімелерін, тарихтан шерткен сырларын, ән-жырларын, шежірелерін тыңдап өседі, онымен қоса әже шаңырақтағы қарым-қатынасты реттейді, балаларды мейіріммен, ақылымен өмірге бейімдейді. Әжелер үнемі «арыңды аяқ асты етпе», «үлкеннің жолын кеспе», «біреуді жамандама», «бөтен адамның ала жібін аттама» деген сияқты адамгершілікке баулитын сездерді қайталап, жақсы-жаманды ажыратуды, үлкен-кішіні танытып, мінез-қүлық, тіл тәрбиесін қальГптастыртып, бала-ға үй шаруасына бейімделуді үйретіп, елгезек, тілалғыш, мейірімді болып өсуіне үлкен үлес қосады.
Әжелер батырлар жырын айтып баланы ерлікке баулып қана қоймайды, ата-бабасының тарихынан хабардар етіп отырған. Әдетте әже тәрбиесін алған баланы жұрт «тәрбиелі бала», «көргенді бала» деп баға беріп жатады. Өйткені әженің мейіріміне бөленіп, тәрбиесін алып өскен бала өжет, рухы биік батыр әрі мейірімді, адал болып өседі. Сондықтан әжелерді таптырмас тәрбие мектебі дейміз. Ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып кележатқан ұлы құндылық, тәрбиенің қайнар көзі.
Әже алдын көріп, тәлімін алған, тарихта есімі қалған ұлылар көп. Зере әжесінің зөрделі аңыз-әңгімелері мен жыр-дастандарын тыңцап өскен бала Абай дана Абайға айналды. Ал Айғанымдай әженің тәрбиесін алған Шоқан қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы болды. Бұдан өзге Біржан сал, Мұхтар сынды қазақтың біртуар азаматтары да әженің тәрбиесін көріп, әженің алақанынан түлеп ұшқан. Яғни, қазақтың нар тұлғалы азаматтарының көбі әже мектебінен сусындап өскен адамдар.
« — Е-е… Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрынғыдан кім өткен?» деп басталатын Абайдың әжесі Зеренің ұлағатты әңгімелерінің өзі неге тұрады десеңізші?!
М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының «Қайтқанда» дейтін тарауында: «Абай биыл ғана анық бағалады. Бұның әжесі біртүрлі шебер әңгімеші екен. Қызық сөйлейді. Әңгімесінің барлық жерін дәмді ғып, қызықтырып айтады. …Әжесі әуелде көп-көп ертегілер айтқан. «Еділ -Жайық», «Жұпар қорығы», «Құла мерген» — бәрі де айтылды. Оның әңгімелерін түсте де, кешке де, тіпті кеш бойы да Абай айтқыза беретін болды. Бертін келе, тәуір болып алған соң, әжесінен тағы бір әңгімелер тапты. Ол осы ел ішінде Зеренің жасынан бергі көргені, естігені жайындағы әңгімелер. Ел мен елдің шабысы, таласы жайында бірталай күндер айтты. Осыдан жиырма-отыз жыл бұрын Найманның осы елге, осы ауылға шапқанын, сонда Бостанбек деген өзінің асыранды баласы өлгенін және Найман қолынан осы ауылға тұтқынға түсіп, жыл жарымдай кісенде жатқан Қожамберді деген ақын жайын айтады. Соның көп өлеңін шұбыртады. Басқада «Қарашор шапқан» сияқты шабысты, жортуылды айтады. Тағы бір күндер Мамыр, Еңліктей қыздардың қайғыларын да айтып берді. Абай қажымай, жалықпай ылғи ғана ынтыға тыңдайтын. Зере ел шабысын әңгіме еткенде, сол істердің бәрін ел басына әлек салған, ұлардай шулатқан кесел күндей айтатын. Кішкентай күнінен ертегі әңгімені көп сүйетін бала осы жазда, тіпті көп есітіп, көп біліп алған сияқты» деп келетін жолдар бар ғой. Бұл бала Абайдың дана Абайға айналуына әсер еткен мысалдың бірегейі десек те болады.. Осы мысалдың өзі-ақ, «Әже» тұлғасының қоғамдағы рөлін айшықтап, жеріне жеткізе бейнелеп тұр.
Бірақ, қазір мұндай әжелер саусақпен санарлық.
Өйткені бүгінгі ұрпақтың үлкендермен қарым-қатынаста өздерін ұстауы, жаман қылықтарға жақындығы әже тәрбиесінің жетіспей тұрғанының айқын дәлелі.
Дүниеге келген сәбиді көзін ашқаннан құшағына алып, бесік жырымен әлдилеп, ес білгенде ертегі- жырлармен сусындататын әженің орны ойсырып, бейнесі көмескіленіп кетті. Көп қазақтың отбасында әже тәрбиесі деген ұғым өшіп, үрпақ жалғасы үзіліп қалды. Әжесінің басқан ізін аңдып, бауырына тығылып, етегіне оратылып жүретін кешегі бала, бүгінгі ата-аналардың көбі заман талабы деп, еуропалық тәрбиені таңдады.
Туған баласын әжесімен араластырмайтын болды. Кейбір әжелердің де бұған онша құлқы жоқ. Тіпті кейбір отбасыларда немересі әжесін бос уақыты көп бала тәрбиешісі деп қабылдайтыны өкінішті-ақ.
Бүгінгі таңда әже мен немере арасының алшақтауының түпкі себебі – жұмыс бастылықта. Әжелер зейнеткерлікке шыққанмен жұмыс істеуге мәжбүр. Сондықтан немерелеріне уақытын бөле алмайды. Екіншіден, жас ата-аналардың көбі үлкендерге лайықгы құрмет пен сыйластықтарын көрсете алмауында.
Әже немересіне бір нәрселерді түсіндіре бастаса, келіні бірден тоқтатып тастайды. Ал баланың көзінше үлкенге құрмет көрсетілмеген соң, ол да сыйлаудан қалады.
Әже немересіне әке-шешесінің бере алмаған махаббатының орнын толықтырғаны жөн. Алайда дастархан басында әжелеріміз салт-дәстүрді, ұлттық тәрбиені насихаттай-тын әңгімені емес, телесериалдан көргендері мен теледидар мен әлеуметтік желі арқылы келген небір жәйттер жайлы айтып отырады. Өзінің көкірегі сайрап тұрмаған соң, не айтсын. Сондықтан қазіргі әжелер арасында ұлттық тәрбие бере алатындары аз.
Қазақ халқы ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрден ажырап бара жатыр. Қазақтың бесік жырын шетелдің даңғаза әуені алмастырса, ертегінің орнын телеарна мен ком-пьютердегі ойындар, түрлі мультфильмдер алмастырды. Ал әженің орнын техника басты.
Кейбір ата-ана зейнет жасындағы енесі бола тұра, жалдамалы тәрбиеші іздеп шарқ ұрып жүреді. Оның себебі ата-енелері бала бағудан шаршағандықтан, немере баққылары келмейтіндіктен екен. Осылайша әжелеріміз өзінің артынан ерген ұрпағын тәрбиелеуден қашып, «әжелер мектебінің» болмысын әлсіретіп алды. Бұрын ата мен әженің ұл-қызына, немере-шөбересіне айтар ақылы, көрсетер үлгісі мол еді. Бүгінгі әжелердің бұрынғы әжелермен салыстырғанда өмір сүру қалпы, тәрбиеге ден қоюы өзгерген.
Бірақ барлығына күнә тағудан аулақпын. Мәселен қалалы жерде тұрса да әжелерімізге немересінің бойына ұлттық тәрбиені сіңіруіне еш кедергі жоқ екеніне талай көзім керді. Күні бүгінде көп қабатты үйдің ауласында үстіне камзол киіп, басына орамал таққан әжелерімізді жиі көремін.
Далаға немерелерін ертіп шығып аулада асыр салып ойнатып, немерелеріне қуаныш, шаттық сыйлап, махаббатына бөлендіріп жүрген әжелеріміз баршылық. «Әже көңілдің ажары, Немере өмірдің базары».
Қазақ — басынан қандай нәубет өтсе де, заман болса да ұрпағына үлағатты тәрбие бере алған халық. Ұлтжанды ұл, қылыкгы қыз тәрбиелеген. Ауылдың бір баласы тәрби-есіздік танытса, туған-туыс, бір рулы ел болып, қала берді бүкіл ауыл болып атсалысқан. Әсіресе, көпті көрген қарт ата мен әженің тәрбиесі үлкен рөл атқарған.
«Ел болам десең, бесігіңді түзе», — дейді Мүхтар Әуезов. Ал бұл сөздің өз мәнінде жүзеге асуының түп негізін әжелер өнегесінен алып қарауымыз да заңды секілді. Бұл ұлағатты сөз кез келген адамды, ең алдымен, өз елінің салт дәстүріне деген жанашырлыққа, ұлттың ұлы мұратына деген адалдыққа, Отанға деген шынайы тазалыққа үйретері һәм имани нұрға жетелері хақ. Осыдан-ақ, әжелер мектебі — бұл ұғымды бойға тереңнен сіңіретін бірден-бір жол десек, еш қате-леспеспіз.
// Молодежная — Жастар.- 2019.- 28 наурыз.