Ұйғырлар

Орталық Азиядағы көне түркі халықтарының бірі. Қытайдың Шыңжаң ұйғыр автономиялық районының тұрғын халқы. Ұ. тілі түрік тілділердің ішінде оңтүстік–шығыс тобына жатады.

Сондай–ақ Қазақстанда, Қырғызстанда, Өзбекстанда және Таяу Шығыс елдерінде тұрады. Жалпы саны 8,5 млн. адам (2001). Ұ.– қазіргі ҚХР, Шыңжаң Ұ. автономиялық ауданының тұрғын халқы. Аздаған бөлігі Қазақстанда тұрады. Тілі – түркі тілінің оңтүстік–шығыс тобына жатады. XV ғ–да Жетісуға қоныс аударған Ұ–ларды тараншы (дихан)деп атаған. Абай «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» деген тарихи еңбегінде ертеректе Енисей жағалауларынан Алатауға келген көшпелі халықтар (қырғыздардың ағайындары) тағдыры туралы: «Арғы жер бұрыннан ұйғыр нәсілді халықтың орнығып, иеленген жері болып, онан әрі бара алмапты. Ол ұйғыр халқының ханы өзіне қараған халыққа есептеп жүріпті» деген құнды мағлұматтар береді. Одан әрі қырғыздардың арғы тегін талдай отырып: «Қырғызға қырғыз деп ұйғыр хандарының бірі ат қойса керек. Шабуыл кезінде олардың атты әскері алдымен ұрысқа кірісетін болғандықтан ұйғыр хандары «Пруттарды» қырғыз атандырыпты» деген дерек келтіреді. Абайдың бұл мағлұматынан қырғыздардың бір кездерде Ұ. хандығының қарамағында болғанын білеміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *