түрік тілдес халық. орта Жайық пен Еділ татарлары, Астрахань, Сібір, Қырым, Литва және т. б. татарлары қалыптасуы мен дамуы әртүрлі тарихи жағдайларда болған. Т. тілі түрік тобындағы Алтай тілдеріне енеді.Қазіргі Т. тілі алтай тобы құрамындағы түркі тілдерінің куман тобының қыпшақ топшасына жатады. Еділ бойы Т–дың тілі түрлі түрік компоненттері нығаюының нәтижесінде қалыптасты және ежелгі түркі тілінің мұрагері болып табылады. Сонымен бірге оған, угрофиндік, славян, араб және парсы тілдерінің тигізген әсерін де мойындау керек. «Түркі» әдеби тілі негізінде XV ғ. қазандықтар, астрахандықтар, приокск қыпшақтары (мишарлар), башқұрттар, сібір татарлар, қазақтар мен қырғыздар қарым–қатынас құралы болған ежелгі Т–дың әдеби тілі қалыптасты. XII ғ. халықтық сөйлеу тілі мен ежелгі Т. әдеби тілінің байлығын игерген қазіргі Т. тілінің қалыптасуы жүрді.Ислам дінін жаппай қабылдағаннан бастап араб графикасына өтіп, ХХ ғ. ол латын, кейін кириллицаға ауыстырылды.