ислам, сунит ағымы. Т–дың аз бөлігі правословиелік бағыттағы христиан дінін ұстанады. Қазіргі татарларды антропологтар моңғол нәсілінің аз белгілері (14%–ға дейін) бар жерорта теңізі нәсіліне жатқызады. Т. этнонимі Байкал көлінен Оңтүстік–Шығысқа қарай қоныстанған тайпалар арасындаVI–IX ғғ. пайда болды. Бұл атау – XIII–XIVғғ. Алтын Орданың кейбір халықтарына таралды. XVI–XIX ғғ. Ресейдің шеткі аймақтарында өмір сүрген көптеген түркі тілді халықтарды Т. деп атаған. Олардың кейбіреулері үшін Т. атауы өзіндік атау (өзінше атауы) болып қалды.