рухани жаңару

адамның өзін–өзі жетілдіруге және мәнді ортақ мақсатқа тынымсыз ұмтылыс; мәдениет, дін, ғылымның өзара ықпалдастығының айшығы және ауқымы; дінаралық үнқатысу дәстүрінің сарыны әрі нәтижесі. Жұрттың бәріне, алдымен өз ділі мен сеніміне берілген діндарлардың жүріс–тұрысына, ойына баяу сіңетін, биязы мінез–құлқы мен өмірлік нәзік көзқарасын толықтыратын айналым кереметі; Р. ж. төзімді рух пен адамдықты үздіксіз ширатып айналымға енеді.   Бабаларымыз үшін төзімді рух:а) күшті де төзімді, өзін құрметтетуге қабылетті шыңдау, оның күш–қуатын нағыз қиындықтар мен ауыртпалықтарды көтеру барысында жетілдіру; ә) өзіне артық жүкті арту, оны көтере алатын күшімен масаттану; б) қиындықтарды көтере отырып еркіндік алуды, өз іс–әрекетінің қожасы болуды қалау; в) «сен тиіссің» деген талап пен сұранысты «Менің қалауым» болды деген тоқтамда түйіндеу; г) жаңа ерікке, мақтанышқа, арманға үйретті. Р. ж–дың ең ұлысы: “Барлық заттардың құндылығы менде жарқ–жұрқ етеді”, сондай еркіндікті жеңіп алуға дайынмын дегізетін ұстанымға жеткізу. Әлем де, адам да осылайша рухани жаңаруға, жұғысуға мүдделі.

Р. ж–дың шарттары: шабуылға шығатын сананы құптамау, қолдамау; күдікті, келіспеушілікті, білмегенді іште сақтау; басқаның арына тиетін сынға ашық, қатаң, бара бермеу. Имандылық жолын жоғары тұтқан беделділер бір–бірінің көзқарасы мен қылықтарына ашық қарсы келмей,  ақиқатты бұрмалап  шектеуге бармады. Р. ж– дінаралық әріптестіктің жемісі мен болашағында. Дінаралық байланысты ұлтаралық, мәдениетаралық диалогпен толықтыру және қоғамдық қажеттілік аясында мазмұндау – дінаралық әріптестіктің айғағы. Озық ойлы діни қайраткерлер бір–бірін түсінуге ұяң ниет білдіріп қана қоймай, этномәдени және рухани бастауларды тиянақтауға батыл және нақты бетбұрыс жасады. Бетбұрыс: а) жаңа көзқарас, жаңа түсінік, тың талғам мен талдаудан; ә) жаңадағы шындық пен ақиқаттың жаңа арқауын ширатуда төзімділік танытудан білінеді. Өмір шындығына жеткізетін, адамдар арасында теңдікті орнықтыратын, қоғамда екі немесе көпжақты келісімді нығайтатын төзімділік  ынтымақтасудың жаңа  беттері мен рухани перспективасын ашты. Рухани перспективаның тірегі: а) әр әлеуметте адамдарға қайырымдылық пен діни төзімділік мінәжатын тікелей арнай алатын мүмкіндікте; ә) діни және зайырлы әлемдердің жаһандық үнқатысу арнасы мен дәстүрінде; б) сезім мен ойдың, сөз бен сенімнің  өмірлік мағынасын жоғары тұтуда. Байыптасақ, рухани перспектива: а) кісілік қасиеттерде, ә) адам құндылығына деген әділеттілікте, б)  өз елін, жерін сүйетін, қорғайтын ынта–ықыласта, в) адамдар мен елдер арасындағы ынтымақта екендігіне тарих әрқашан көзімізді жеткізуде.

Р. ж–ң бастауы – адамдық және әлеуметтік құндылықтарда. Адамдықтың киелі қасиеттері – әділеттілік, игілік, ізгілік, мейірімділік, үлкенге құрмет, кішіге ілтипат орныққан сайын а) әдепті кемсітушілік азайып, азғындық тарылмақ; ә) ұрпақтық, әлеуметтік, әлемдік нысандарға айналуда. Адамзатқа ортақ құндылықтар – барлық адамның жүрегіне жақын, тарихи танымға тірек, қарқынды диалогқа бастау болатын өрелі бағытқа демеулігін арттыруда. Жаңғыртудың тетігі – адамның саяси және азаматтық теңдігінде, сол теңдікті орнықтыратын ұқыптылықта. Ұқыпты ұсыныстар мен жауапкершіл сезімді қоғамдық сұраныс тудырады. Әр елдің қуаты – оның бірігу өресінде, бірлесу құралында.

ХХІ ғасырда Р.ж. азғындылық асқындап,  адамзатты құрдымға тартатын қауіпті қатер асқындауда.  Р.ж. азғындық –адамдық қасиетті ұсақтауда. Бейбіт те бітімгер қарым–қатынасқа сенімін арттырған гуманистік–діни дәстүрдің өкілдері өздерінің байырғы біржақты көзқарастарын байыппен зерделеуге бейімделді, бірлікте ірілік екенін ескерушілік түрлі ортада белең алды; адамның ой–ниеттеріне, көңіл–күйлеріне бағытталған әрекетте қасиетті сезімдерді қорламау, күштеу қағидатын қолданбау түсінігі түптелуде; адамдардың құқықтарына құрметпен қарау қажеттілігі қоғамдық қолдау табуда.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *