рухани бапкерлік

қайраткерлік. Р. б–ң беделі адамның жасымен немесе шенімен емес, оның жанашыр жасампаздығымен және жетекші күш–қуатымен бағаланады. Бапкерлік, алдымен, адамның еркін де озық көзқарасымен және өнімді де өтімді ісімен өлшенеді. Басты құндылықтарды бағдар ретінде жүзеге асыратын, сол бастамаларды қолдайтын әрекеттерде саяси лидерлік, рухани бапкерлік пен рухани қайраткерліктің рөлдік, ұстаздық құны артуда. Рухани құндылық – өмірдегі сапалы жетістіктің өлшемі, жарасымды да жасампаз күштердің өрісі. Еңселі елдің үлгісі – лидердің бапкер, бапкердің қайраткер болатын, олардың  үлгісі артық ұлағатында. Ұлағат: а) өзіндік бақылаудан, өзіндік сыннан, өзіндік шектеуден басталады; ә) азаматтың өзіндік және ұлттық абыройын сақтаудан білінеді; б) болмысты тірілтетін жасампаз күште, өрелі өнерде жалғасады; в) ұлттық бәсекеге ұйытқы және өлшем болатын  білгірліктен қолдау табады.  Ерлік пен елдікті танытатын мұндай ерен істер адамгершіліктің түбірін  қалыптастырады. Адамгершілік мәдениетін тарататын рухани бапкерге, қайраткер ұстаздыққа мұқтаждық артуда.

Р.б–тың әлеуметтік және мәдени мәртебесін танытатын өлшемдер адамның ар–ұятын, өзгелер алдындағы адамгершілігін, аруақ пен Аллаға деген адалдығын толастататын іс–әрекеттерден құралады. Р. б. ақ ниеті, адал ісі арқылы ұятын ұлықтайды, нәпсісін құрықтайды, есі мен зердесін ардақтайды; ізгілікті іскерлігімен табиғатқа, қоғамға, адамға жасалмақ зияндықтан пендені арашалайды, зиянкестік жасаудан сақтандырады; адамгершіліктің мәртебесін көтеруге және құнттауға үнемі қызмет етеді. Р. б–ді  ізетті, икемді, іскер деп жатады. Оның құндылығы – шындыққа бағытталған, адамгершілікті әрдайым жаңғыртатын және әділдікті жоғары ұстайтын нақты іс–әрекетте. Әділдікке қызмет еткендер арлы, адал, аршынды келеді, қайсарлығымен елді өзіне қаратады. Арлы бапкер сатылмайды, сайланбайды, тағайындалмайды. Ол асыл қасиетімен, ұлағатты мінезімен көтеріледі, өзгені өзіне қаратады.

Р.б.– сауатты, салауатты, сыйымды. Өз ісінде риясыздық, ұстанымдылық, әділдік, адалдық, айқындылық, қол бастаушылық танытады. Адам болмысын жетілдіретін рухани қасиеттер мен факторларды қолдайтындар адамды шектеу, жатсыну жүйесінен арыла түседі; жеке басының ұпайын көбейтуді бас мақсатқа айналдырмайды. Р. б. адамның құпия күшін өзіндік санадан ашады, азаматтық қоғамның қажетіне жаратылған құндылық пен ізгілікті иемденуден білінеді. Р. Б–ті ұстаздығы ұлағатты, діндарлығы демеулі, қайсарлығы қайратты, өздерін тындырымды ұстауға жатыққан таңдаулы тұлғалар құрайды. Қабілет–қасиетімен өнегелі іштей мығым жайдарлы жандар өзіне де, өзгеге де ұстаздығын танытады. Рухы таза, ой–өрісі биік, ұлты мен Отанының болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық пен табандылық үлгісін көрсетушілер – жаңашылдықты үдететін қайраткер ұстаздар. Қайраткер ұстаз – жақсылық іздейтін ізгі ниет иесі. Ұстаздықтың даралығы мен даналығын  көне қытай ойшылдары былай сипаттаған: «Маған жәй айтсаң – ұмытамын, көрсетсең есімде сақтаймын, ал өзімді іс–әрекетке қатыстырсаң үйренемін».

Көпті көрген көсемдер, бапкерлігімен өскендер. Дін басшылары  әр өркениет пен ұлттардың өкілдері болса да, адамзаттың мәдени құндылықтарын жеке саяси, әлеуметтік, экономикалық факторлардың мағынасынан жоғары қойды. Бапкерлік құндылығы – өзара сыйласудан, бір–біріне серіктестіктен, руханилықтың күш–қуатын ұғынушылықтан білінді. Діндарлар деп отырғанымыз білімдар зерттеуші, бапкер абыздар, ұйымдастырушы қайраткерлер, өмірді парасатпен пайымдаушылар. Оларға тән қасиеттер: адам болмысы мен қоғамдық өмірге біртұтас мән–мағына енгізбек құштарлықта; адам мен қоғамға жақындай түсуге ықылас танытуда; жаңа заманның көптеген озық идеялары мен мүддесін бойына сіңіре алуда.

Рухани қайраткерлердің қабілет–қасиеті бейімделуімен ұшталуда. Діндарлар рухани қазынаны өздерінше өндіру, тұтыну, тарату жұмыстарына араласуда. Дін адам болмысындағы жаңа күш–қуатты икемдеді, ал мәдениет оларды келісіммен игерді. Рухани келісім – имандылық пен гуманистік дәстүрдің жаңа сапалық сәті. Имандылық пен гуманизм үйлестігі – исламның басты ұстанымы және бағдары. Елін сүйген, елі сүйген заман айбары – қажымас қажыр–қайрат иесі әрі исламның рухани қайраткері. Рухани қайраткерлер адамзаттық құндылықтар мен қасиеттерді бойына жинады, тәрбие арқылы жалғастырды. Адам құқығының теңдігін мойындау және адамзат баласына ізгілік пен ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру, сүйтіп адам баласын бір–бірінен жоғары қоюшылыққа, діни кемсітушілікке тиым салу – рухани кемеңгерліқтің айғағы. Рухани кемеңгерлік – көңілдегі қуаттылық, сенімдегі табандылық.  Ұлттың рухани басшысы – көреген қамқоршы, алаңдыққа арашашы. Президент Н. Назарбаев дін жолын қуғандардың арасындағы ежеғабыл түсіністік идеясын дер кезінде қолдады. Ол ІІ съезде: «Өзара қабылдаудың қасаңдықтарынан бас тарту», «басқаның тылсым саласына баса–көктеп кіруден саналы түрде бас тарту», «әлемдік және дәстүрлі діндердің жаңа, қалыпты емес қатерлерге бірлескен жауабын» діни қауымдастықтардың басты ұстанымдары  деп атап өтті. Ұстаным: а) бейбіт өмірге бағытталған, ә) дүниенің тұрақтылығы – адамдардың татулығында екендігін уағыздайды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *