36-сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: Сан есім. Сан есімнің түрлері.
2. Сағат саны: 2 90 (100%)
3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:
• оқыту: Сан есім туралы оқушыларға толық мағлұмат беру. Алған білімдерін пысықтап, теориялық алған ұғымдарын мысалдар арқылы терең меңгерту.
• тәрбиелік: Сан есім тақырыбын түсіндіру кезінде сөздер мен сөйлемдердің тәрбиелік мәніне көңіл бөле отырып, топпен жұмыс істеу арқылы ынтымақ пен бірлікке, жолдастыққа көмек көрсетуге баулу.
• дамыту: Сан есімнен алған білімдерін жаттығу жұмыстары арқылы дамыту өз бетінше орындау дағдыларын қалыптастыру, топпен жұмыс жүргізу арқылы әр оқушының дербестігін жетілдіру, шығармашылық белсенділігін арттыру.
5. Оқыту әдісі: жұптасып жұмыс істеу
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: мультимедиялық жабдықтар
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары.
б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:
1. Негізгі (н)
1. Құрманбаева Ш. Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені. Алматы: Қазығұрт, 2010ж.
2. Ш. Бектуров, Қазақ тілі: жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық. –Алматы: Білім, 1994.
3. Н. Оразақынов, Н. Әміреев, Н. Сапақов. Қазақ тілі сөз мәдениеті- Алматы: Мектеп 2006
4. Ж. Адамбаева, Ф. Оразбаева, Қ. Оңалбаева. Қазақ тілі- Алмаы: Мектеп, 2006
5. Б. Құлмағанбетова, У. Туребекова, Г. Ибраева. Қазақ тілі – Алматы: Мектеп, 2007
6. Бектұров Ш. Қазақ тілі: ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы, Әділет ЖҚМ, 2002
7. Қараев М.Ә. Қазақ тілі: (Фонетика, лексикология, морфология, синтаксис) Алматы, Ана тілі, 1993
2. Қосымша (қ)
1. Қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтардың 1-курс студенттеріну арналған әдістемелік нұсқаулар жинағы. Шымкент, 2002
2. Н. Беріков. Қазақ тілі сабақтары – Ақтөбе: Ана тілі, 1994
4. Г. Байжанова, А. Маймақова. Іс жүргізу – Астана: Фолиант, 2007
5. В.И. Сакала, Б.В. Сакала, Н.В. Сакала. Қазастан Республикасында іс қағаздарын жүргізу – Алматы: LEM, 2006
6. С. Кенжахметұлы. Жеті қазына – Алматы: Ана тілі, 1997
7. К. Сариева. Қазақ тілі және ел тану – Алматы: Lebiz, 1997
8. А. Нысаналин. Қазақтың мақал-мәтелдері – Алматы: Мектеп, 2004
9. С. Қалиева, М. Оразаев, М. Смайылова. Қазақ халқының салт-дәстүрлері-Алматы: Рауан, 2002
10. Е. Елубаев. Жүз жұмбақ, жүз жаңылтпаш – Алматы: Мектеп, 1999
11. Ә. Хазимова. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу – Алматы, 2004
12. Л. Дүйсебекова. Қазақ ресми іс қағаздары – Алматы. Ана тілі, 2005
13. Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А. Әбілқаев. Қазақ тілі – Алматы: қазақ университеті, 1998
14. К.О. Өмірбаева. Қазақ тілін көпдеңгейлік оқыту – Ақтөбе, 2005
8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6% )
• Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
• Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
• Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15 %)
1. Сын есімнің шырайларын ата.
2. Сын есімнің жұрнақтарын ата.
3. Төле бидің нақыл сөздері.
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
Сан есім. Реттік сан есімнің жасалуы. Жинақтау сан есімі
Сан есім – заттың нақты санын, ретін білдіреді, неше? қанша? нешінші? нешеу? деген сұрақтарға жауап береді.
Сан есімдер құрамына қарай дара сан есім және күрделі сан есім болып екіге бөлінеді. Бір түбірден құралған негізгі және туынды сан есім дара сан есім деп аталады. Мысалы: он, үш, бес, мың, жүз, ондаған, сегізінші т.б Екі я одан да көп түбірдің тіркесінен немесе қосарлануынан жасалған сан есім күрделі сан есім деп аталады. Мысалы: екі жүз, үш мың тоғыз жүз, жүз қаралы, оннан бір, бес ондық, бір-бірден, үш-төрт т.б.
Сан есім мағынасына қарай алты түрге бөлінеді: 1. Есептік сан есім. 2. Реттік сан есім. 3. Болжалдық сан есім. 4. Топтау сан есім. 5. Жинақтық сан есім. 6. Бөлшектік сан есім.
Реттік сан есім заттың рет санын білдіріп, нешінші? қаншасыншы? деген сұраққа жауап береді. Реттік сан есімнің жасалуына есептік сан есім негіз болады. Мына кестеге көңіл аударыңыз:
Есептік сан есім Реттік сан есім жұрнағы Мысалдар
бір
он
алты
жеті -ыншы, -інші
-ншы, -нші бір-інші,
он-ыншы,
алты-ншы
жеті-нші
Реттік сан есім күрделі де болып келеді. Ондай жағдайда жұрнақтар күрделі сан есімнің ең соңғы сан есіміне жалғанады. Мысалы: он алты-ншы.
Ретік сан есім сөйлемде анықтауыш болады. Мысалы: Оның баласы алтыншы сыныпта оқиды.
Жинақтық сан есім нешеу? деген сұраққа жауап беріп, заттың жинақталған санын білдіреді. Жасалуы мына кестедегідей.
Есептік сан есім Жинақтық сан есім Мысалдар
бір
екі
үш
төрт
бес
алты
жеті -ау, -еу бір-еу
ек(і)-еу
үш-еу
төрт-еу
бес-еу
алт(ы)-ау
жет (і)-еу
Жинақтық сан есімдер бірден жетіге дейін ғана. Олар үнемі дара күйде келеді.
Жинақтық сан есімдер жеке-дара тұрып та, қосымшалар жалғанып та сөйлемнің әр түрлі мүшесі бола береді. Келіп тұрғандар төртеу. Мына төртеуін бер. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
Сан есімге талдау жасау, жаттығу жұмысы, тапсырмалар
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)
Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау.
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)
Сұрақ: Сан есімдер нені білдіреді? Сұрақтары қандай? Сан есім құрамына қарай қандай түрге бөлінеді? Сан есімнің мағыналарына қарай қандай түрлері бар және олар қалай жасалады? Сан есімнің емлесін рет-ретімен айту. Мысалы: Домбырада он бір перне, екі ішек бар. Қырық беске төртті қосса, қырық тоғыз болады.
Есептік – Тоқсанымыз жиылып, тоқты жыққан батырмыз. Жинақтық – Менің бес құлыным бар, бесеуін бесеуіңе берейін. Бөлшектік сан есім – Сен төрттің бірісің. Төрт кісінің біреуі сенсің.
Сан есімнің түрлену кестесі.
14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
Қандай сан есімдер түрленді? Жаттығу жұмысы.
Сан есім қандай сөйлем мүшесінің қызметін атқарады?
Қазыбек би туралы оқып келу.