КЕРЕЙ КӨП ПЕ, КЕДЕЙ КӨП ПЕ?
Жолаушылап жүрген Тоқсан би уақтағы бір байдың үйіне келіп, түсуге рұқсат сұрайды. Бірақ бай үйінде болмайды. Жөн сұраған жігіт үйге кіріп, бәйбішеге: «Тоқсан болса, руы керей шығар, ел аралап жүрген кедей шығар» — депті әйел. Сыртта сөзді Тоқсан естіп тұрады. Бәйбіше рұқсат бермесе де үйге кіріп, төрге шығады.
Әлден уақытта шай келеді. Шай ішіп отырған бәйбіше:
Кедей көп пе?
Керей көп пе? – депті.
Сонда Тоқсан:
Керей көп,
Кедей тоқсан,
Тоқсан да көп,
Халқым Тоқсан деп сыйлаған соң,
Мен көп болмағанда кім көп болады,-
деп сөзін одан әрі былай жалғастырады:
Құдайың қалмаған екен,
Пұшпаған қанамаған екен.
Өзіңнен абыройы асып кетпесін деп,
Күндесіңнің емшектегі баласының,
Еңбегіне ине жіберткенде,
Осы ісіңді адамдыққа санамаған,
Адалдықты жанамаған,
Соны істеткен саған кедей ме?, —
депті. Бәйбіше Тоқсанның аяғын құшып, кешірім сұрап жылап, қонақасы беріп, үстіне шапан кигізіп, астына ат мінгізіп аттандырыпты