Көмірсу алмасуының бұзылыстары

Көмірсу алмасуының бұзылыстары.
2.Мақсаты: көмірсулар алмасу негізгі бұзылыстарының этиология мен патогенезді түсіндіріп беру.
3.Дәріс тезистері
Көмірсуларды ыдырату, сіңіру бұзылуы ас қорыту жолдарының амилолиздік ферменттер жетіспеушілігінен болады. Көмірсу алмасуының негізгі белгілерінің бірі қанда көмірсудың өзгеруі табылады. Орталық жүйке жүйесі мен симпатикалық жүйке жүйесі қозғанда организмнде гликогеннің ыдырыуы күшейеді. Керісінше, оның түзілуі тұқым қуатын гликогеноздар деп аталатын аурулар кездерінде көбейеді. Бұл аурулар тектік ақаулардың нәтижесінде гликогенді ыдырататын ферменттердің түзілмеуінен дамиды.
Көмірсуларының аралық алмасуының бұзылыстары: 1)гипоксия; 2)бауыр аурулары; 3)В1 витамин жеткіліксіздігі кездерінде байқалады.
Глюкозаның қанда жоғарылуы гипергликемия деп аталады. Гипергликемияның келесі түрлері болады.
1.Ауқаттық гипергликемия тамақпен жеңіл қорытылатын көмірсуларды көп қабылдағанда байқалады. Қанда қанттың денгейі көтеріледі.
2.Эмоциялық (нейрогендік) гипергликемия орталық және симпатикалық жүйке жүйелері қатты қозғанда дамиды. Бұл кезде бауырда гликогеннің ыдырауы күшейіп, көмірсуларының майға айналуы азаяды.
3.Селкілдеп тырысқан гипергликемия – бұлшықеттің гликоген ыдырап, глюкоза пайда болады.
4.Гормондық гипергликемия эндокриндік бездердің қызметтері бұзылғанда байқалады. Ұйқы безінің α-жасушалырының гормоны глюкагон және бүйрек үсті бездерінің милық қабатының гормоны – адреналин бауырда фосфорилазаны әсерлеп, гликогенолизді күшейтеді Глюкокортикоидтер глюконеогенезді арттырады және гексокиназаның белсенділігін тежейді. Гипофиздің соматотроптық гормоны гликогеннің түзілуін азайтады, гексокиназаның белсенділігін тежейді. Бұл келтірілген гормондары контринсуліндік гормондарға жатады.
5.Гипергликемия наркоздың кейбір турлерінде пайда болады.
6.Гипергликемия инсулин жеткіліксіздігінде қарқынды және тұрақты болады. Инсулиннің жеткіліксіздігі ұйқыбездік (панкреатикалық) және ұйқыбездік емес, салыстырмалы (безден тыс) болуы мүмкін. Ол қант диабет ауруында негізінде жатады.
Гипогликемия – қанда глюкоза мөлшерінің азаюы. Бұл инсулин қызметінің басым болған кезінде дамиды және жүрек жұмысын, сондай-ак, бұлшық еттерінің жұмысын бұзады.
Гипогликемия себептеріне жатады: 1)қантты диабетпен ауыратың адамдарға инсулиннің тым артық енгізу; 2)ұйқы безінің β-жасушаларында болатын өспе-инсулинома; 3)инсулинге қарсы гормондардың жеткіліксіздігі; 4)гликогеноздар; 5)бауыр жасушаларының бұзыуы; 6)ауқаттық гипогликемия; 7)көмірсулар сіңуінің бұзылуы; 8) бүйрек диабеты.
4.Иллюстрациялы материалдар:
-дәріс материалдың презентациясы;
-тақырып бойынша плакаттар;
-кестелер, сызбалар.
5.Әдебиет: № 1 қосымшаны қараңыз.
6.Қорытынды сұрақтары (кері байланысы)
1.Көмірсуларының қорытылуы мен сіңірілуының қандай бұзылыстары болады?
2.Гликогеноздар дегеніміз не?
3.Гипергликемияның себептері қандай?
4.Гипогликемияның себептері қандай?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *