АзҒЫНДЫҚ – жеке адамның мінез- құлқы мен қылығы, іс-әрекеті туралы жалпыға ортақ көзқарас тұрғысынан берілген мейлінше жағымсыз мораль- дық баға. Ол индивидтің адами қа- сиеттерден ада болып, моральдық нор- малар мен талаптарды орындаудан, мойындаудан қалғандығын білдіре- ді. Мұндай халге адам зардапты (ке- селді) құмарлықтарға салынып, тіпті оның зиянды екенін білген күннің өзінде, одан бас тартуға өз бойынан күш- жігер таба алмауынан болуы мүмкін. Ішімдік, нашақорлық, жатыпішер жалқаулық, масылдық және т.б. же- ңіп, кеселге айналғанда, адамның ақыл- есі топастанып, сезімдері көмескіле- неді. Адамдардың бойындағы жақсы қасиеттердің бәрінен жатырқап, жауығатын, көріп-біліп тұрса да, қаса- қана, өзінікін жөн санайтын болады. Осының бәрі жүйкесін тоздырып, пси- хикасын бұзады. Сөйтіп, ондай адам ар, ұят, абырой, адамдық парыз, жауап- кершілік сезімдері мен түсініктері- нен жұрдай болады. Адам баласы де- ген аты болмаса, оған тән барлық қа- сиеттерінен айырылған мұндай адам- ның қылығын (тіршілігін) қазақ «аз- ғындық», өзін «азғын» деп атайды.