
АЖИТАЦИЯ – өмірге қауіптілік, апаттық жағдайлар және т.б. психо- гендік факторларға аффективті жа- уап. Ол абыржу, үрейлену, қорқыныш, мақсатты әрекеттердің жоғалуы, жыл- дам, түсініксіз сөйлеумен бірге жүре- тін адамның қимыл-қозғалыстық қозуынан көрініс табады. А. күйіне түскен адам тек қарапайым автомат- ты әрекеттерді ғана жасауға қабілет- ті. Бұл жағдайда адамда бостық се- зімі, ойлардың жоқтығы пайда болып, құбылыстар арасында күрделі байланыстарды тұрғызу, ойлау қабілеті жоғалады. Мұндай күй айқын веге- тативті көріністерге ие болады: бозару, тыныс алудың жиілігі, жүректің со- ғуы, қолдардың дірілдеуі және т.б. А. психологиялық норма шегіндегі патология алдындағы күй болып есептеледі. Апат жағдайында ол сас- қалақтау түрінде көрінеді.