КРИЗИСТІК МАГНИТ ӨРІСІ

КРИЗИСТІК МАГНИТ ӨРІСІ, асқынөткізгіштегі – магнит өрісі кернеу- лігіне (Нк) тән мәннен артқанда асқынөткізгішке толықтай немесе ішінара енетін мәні. Н<Нк болған кезде магнит өрісі асқынөткізгішке енбейді, оны беттік асқынөткізгіш ток қалқалап (экрандап) қалады (Мейснер эффектісі).

Көпшілік таза металдар жататын І текті асқынөткізгіштерде тек Н>Нк І текті фазалық ауысу болған кезде зат түгелдей қалыпты асқынөткізгіштік күйге ауы- сады. Таза металдарда Нкнің ең үлкен мәні жүздеген эрстедке (Э) жетеді. Егер магнит өрісі Нк І текті асқынөткізгіштің кейбір нүктелерінде Нкқа тең болса, онда аралық күй (асқынөткізгіш және қалыпты фазалар кезек-кезек алмасатын) пайда болады.

ІІ текті асқынөткізгіштерде (бұлар негізінен қорытпалар) өрістің енуі негі- зінен өзегінде магнит өрісі шоғырланған құйынды жіптердің пайда болуынан басталады. Соның өзінде зат асқынөткізгіштік қасиеттерін жоғалтпайды және онда сыртқы өрісті қалқалайтын (экрандайтын) ток ағатын болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *