КРИЗИСТІК МАГНИТ ӨРІСІ, асқынөткізгіштегі – магнит өрісі кернеу- лігіне (Нк) тән мәннен артқанда асқынөткізгішке толықтай немесе ішінара енетін мәні. Н<Нк болған кезде магнит өрісі асқынөткізгішке енбейді, оны беттік асқынөткізгіш ток қалқалап (экрандап) қалады (Мейснер эффектісі).
Көпшілік таза металдар жататын І текті асқынөткізгіштерде тек Н>Нк І текті фазалық ауысу болған кезде зат түгелдей қалыпты асқынөткізгіштік күйге ауы- сады. Таза металдарда Нк—нің ең үлкен мәні жүздеген эрстедке (Э) жетеді. Егер магнит өрісі Нк І текті асқынөткізгіштің кейбір нүктелерінде Нк—қа тең болса, онда аралық күй (асқынөткізгіш және қалыпты фазалар кезек-кезек алмасатын) пайда болады.
ІІ текті асқынөткізгіштерде (бұлар негізінен қорытпалар) өрістің енуі негі- зінен өзегінде магнит өрісі шоғырланған құйынды жіптердің пайда болуынан басталады. Соның өзінде зат асқынөткізгіштік қасиеттерін жоғалтпайды және онда сыртқы өрісті қалқалайтын (экрандайтын) ток ағатын болады.