
КРИЗИСТІК ҚЫСЫМ – кризистік күйдегі заттың (немесе заттар қоспаларының) қысымы. Таза заттар үшін кризистік қысым – сұйық пен оның буында қатар байқалатын ең жоғарғы қысым; кризистік қысымнан төменгі қысым кезінде жүйенің екі тепе-тең фазаға (сұйық және бу) ажырауы мүмкін. Кризистік қысым және кризистік температура кезінде сұйық пен будың арасындағы айырмашылық жойылады, зат бір фазалы күйге ауысады. Сондықтан кризистік қысымды сұйық және бу фазалары болғанның өзінде шектік (ең жоғарғы) қанық- қан будың қысымы ретінде анықтауға болады. Кризистік қысым заттардың физикалық-химиялық тұрақты шамасы (константты) болады.