
Мәди атандағы ауыл – Қазақтың халық композиторы, әнші, ақын Мәди Бәпиұлының (1880-1912) құрметіне аталған. Ол жасынан өлең, жырға, домбыраға құмар болады. Мәди ел арасында әнші, ақын, серілігімен белгілі болды. Оның бүкіл өмірі әділетсіздікке қарсы күреспен өтті. Сол кездегі үстем тап өкілдерінің «Ұры» деген жаласымен Атбасар, Қарқаралы, Семей, Омбы түрмелерінде болады. Түрмеде елін, жерін сағынып әділетсіз заманға қатты налыған. Бұрынғы «Айрық» шаруашылығы 1990 жылдың 9 мамырында Мәди Бәпиұлының есімі берілді.