КВАНТТЫҚ ХРОМОДИНАМИКА

КВАНТТЫҚ ХРОМОДИНАМИКА (КХД) (грекше «хромо – түс» +

«динамис – күш») – «түстік» калибирлеуіш симметрияның негізінде кванттық электрдинамиканың (КЭД-ның) үлгісі бойынша құрылған кварктер мен глюондардың кванттық электрдинамикасының (КЭД-ның) кванттық өрістік теориясы. КХД-дағы фермиондардың КЭД-дан айырмашылығы  – үш мән қабылдаушы және «түс» деп аталатын кванттық санның қосымша еркіндік дәрежесі болады. Кварктер осындай фермиондар болып табылады. Әрбір типтің кварктері («ароматтың» u, d, s, c, b) бір-бірімен калибирлеуіштік түрлендірулермен байланысқан үш «түстік» күйлерде бола алады. Электр заряды- ның КХД-дағы аналогы глюондік өріс тудыратын «түстер заряды» болып табы- лады. Кварктердің өзараәсерлесуі Янг-Миллс өрістерінің компенсациялауыш- тық қасиеті сегіз “түстік” түрін глюондық өрістермен алмастыру арқылы жүзеге асырылады. Осы өрістер “түстік” бола тұрып, электрмагниттік өрістен айырмашылығы  – олардың өздері глюондар тудырады және де бір-бірімен өзараәсерлеседі. Осының салдарынан глюондық өріске арналған теңдеулер (вакуумдағы Максвелл теңдеулерінен айырмашылығы)  – сызықтық емес. Глюондық өрістің кванттары – спині 1-ге тең және тыныштық массасы нөл бөлшектер. Өзараәсерлесудің тұрақтысы (константы) ретінде кварктер мен глюондардың “түстік зарядтары” орын алған.

Ішкі симметриялардың үштүсті кешенді кеңістіктегі жергілікті калибирле- уіштік инварианттылыққа қатысты түрлендірулер негізінде тұжырымдалған. Осы кездегі түсінік бойынша КХД адрондар мен адрондардағы кварктерді байланыстыратын күшті өзараәсерлесуді сипаттаудың негізін құрайды. КХД ХХ ғасырдың 70-жылдары кварктердің түстері, терең серпімсіз өзараәсерле- судің партондық көрінісі және калибирлеуіштік өрістің абельдік емес аппараты туралы түсініктердің синтезі нәтижесінде пайда болған. Кварктік модель бойын- ша барлық адрондар – кварк-антикварк жұбының немесе үш кварктің (ба- риондардың) байланысқан күйлері болып табылады.

КХД қазіргі уақытта электрәлсіз өзараәсерлесудің теориясы ретінде өрістің ортақ теориясын тұжырымдау бағытындағы қарапайым бөлшектердің өзара- әсерлесулерін біріктіретін саты болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *