КВАЗИЯДРОЛАР, квазиядролық жүйе

КВАЗИЯДРОЛАР, квазиядролық жүйе – масса ақауы (барион массасымен салыстырғанда) өте аз болатын барион – антибарион жұбының байланысқан әрі резонанстық күйлері. Бариондар мен антибариондарды квазиядроларда ұстап тұрушы күштің табиғаты ядролық күштер табиғатымен бірдей. Квазиядролардың радиусы ~10–13 см. Барион мен антибарион едәуір жеңіл π-мезондарға айналып, аннигиляцияға ұшырауы мүмкін болғандықтан квазиядролар тұрақты емес: олардың «өмір сүруінің» орташа уақыты ≤10–20 секунд. Сырттай квазиядролар π-мезондарға ыдырайтын ауыр мезондар секілді болады. Квазиядролардың әрқилы текті (нуклон – антинуклон, гиперон – антигиперон (антигиперон – нуклон)) болатыны жайлы болжамдар бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *