КВАЗИОПТИКА

КВАЗИОПТИКА (квази… + грекше «оптика – көріп түйсіну туралы ғы- лым») – дифракциялық эффектілер қатаң ескерілетін асажоғары жиілікті электрдинамика мен бұл жайт толығымен ескерілмейтін геометриялық оптиканың арасында орналасқан кең толқындық шоқтар оптикасы. Квазиоп- тикада дифракциялық құбылыстар жеткілікті кең толқындық шоқтардың тара- луын сипаттау кезінде тек қаншалықты шамада маңызды болатыны ескеріледі. Осы шоқтарды линзалармен, айналармен, призмалармен, т.б. түрлендіріп сипат- тау кезінде геометриялық оптикалық түсініктер пайдаланылады. Квазиопти- каны пайдалану критерийіне толқындық шоқтардың көлденең өлшемдерінің толқын ұзындығынан жеткілікті шамада артық болу шарты жатқызылған.

Квазиоптикалық электрдинамикалық жүйе миллиметрлік, субмиллиметрлік диапазондардағы және оптикалық толқындар ұзындығына ауысу кезінде әдеттегі асажоғары жиілікті диапазондағы бірмодалы көлемдік резонаторларды және радиотолқынөткізгіштерді алмастырды. Бірқатар техникалық қосымшаларда (мысалы, талшықтық оптикада), сондай-ақ толқындардың таралу мәселелерінде (ионсфералық толқынөткізгіштер, суасты дыбыс арнасында) квазиоптикалық желілер (іс жүзінде трасса бойында біртекті) пайдаланылады. Шоқтарды қалыптастыру көлденең біртексіз орталарда жүзеге асырылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *