
КВАЗИИМПУЛЬС (квази… + латынша «импульс – соққы, түрткі») – кристалдық тордың периодты өрісіндегі бөлшектердің немесе квазибөлшектердің (мысалы, электронның) күйін сипаттайтын векторлық шама. Квазиимпульс өзінің қасиеттері бойынша толқындық вектордағы квазитолқындық векторға ұқсас. Бөлшектердің соқтығысулары кезіндегі квазиимпульстің сақталу заңы импульстің сақталу заңынан күрделі: квазиимпульс сақталады, немесе дискретті шамаға өзгеретін болады.