КАТОД

КАТОД (грекше «катһодос – төмен қарай жүріс, қайту») – 1) ток көзінің (аккумулятордың, гальвани элементінің, т.б.) теріс полюсі (немесе қысқышы). 2) вакуумда немесе газда электрод арасындағы аралықта өткізгіштікті қамтамасыз етуші электрондардың көзі болатын электрвакуумдық немесе газразрядты аспаптардың теріс электроды.

КАТОДТЫҚ ДАҚ – катодтың бетіндегі жарқырауық дақ. Солғын разряд- тың доғалық разрядқа ауысуы кезінде электрондардың негізгі шығу құбылы- сының өзгеруіне байланысты пайда болады: қарапайым жағдайда автоэлек- трондық эмиссия термоэлектрондық эмиссияға ауысады, эмиссия зонасы катодтың бүкіл беті бойында тұтасып, кішірек катодтық даққа топталады да, температурасы кенет артып, балқу немесе айдау (возгонка) температурасына дейін жететін (жоғарылайтын) болады. Катодтың материалына, пішініне, және ток шамасына тәуелді түрде солғын разрядтың доғалық разрядқа ауысуы термоэмиссияларға қосымша өзге құбылыстар (мысалы, қопарылысты электрондық эмиссия, плазмалық катод) негізінде де пайда болуы мүмкін.

КАТОДТЫҢ ҚАРАҢҒЫ КЕҢІСТІГІсолғын разрядтың электрондарды күшті электр өрісінде үдететін негізгі бөліктерінің бірі.

КАТОДТЫҚ СӘУЛЕЛЕР – үдетіле келе катодтық күңгірт кеңістіктің бүкіл разрядтық аралығынан өтетін солғын разрядты едәуір төменгі қысымдағы электрондар ағыны. Катодтық сәулелер аспаптың әйнек қабырғасына түскен кезде әйнектің флюоресценциясын тудырады. Қазіргі кезде «катодтық сәулелер» ғылыми атауы қолданыстан шығып қалған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *