ЖЫЛУЛЫҚ ҰЛҒАЮ

ЖЫЛУЛЫҚ ҰЛҒАЮ – дененің қыздырылуы кезінде оның өлшемдерінің өзгеруі. Тұрақты қысым (р) кезіндегі жылулық ұлғаюдың мөлшері изобарлық ұлғаю коэффициентімен (жылулық ұлғаюдың көлемдік коэффициентімен – α) сипатталады: α=1/V(dV/dT)p, мұндағы V – дененің көлемі (қатты, сұйық немесе газтәрізді), T – дененің абсолюттік температурасы. α-ның мәні іс жүзінде мына формуламен анықталады: α=(VV)/V(T2T1), мұндағы V және V – дененің T1 және   T2 температура кезіндегі көлемдері (T1 < T2). Қатты денелердің жылулық ұлғаюын сипаттау үшін α-мен бірге сызықтық жылулық коэффициенті енгізілген: αс=1/e(dl/dT)p, мұндағы l – дененің бастапқы ұзындығы.

Көпшілік денелер үшін α<0, бірақ кейбір жағдайларда бұл шарт орындалмайды. Мысалы, су атмосфералық қысым кезінде 0°С-тан 4°С-қа дейін жылығанда (α<0) көлемін кішірейтеді. α-ның Т-ге тәуелділігі газдарда едәуір байқарлықтай болады: идеал газдар үшін α = 1/Т, сұйықтарда жылулық ұлғаю әлсіздеу. Бірқатар заттарда және қатты заттарда (кварцта, инварда) α коэффициент өте аз және іс жүзінде Т-нің кең алқабында тұрақты. Т→0-ге ұмтылғанда α –коэффициент те α →0-ге ұмтылады. Газдардың жылулық ұлғаюы: оны қыздырған кезде кинетикалық энергиясы артады және осы энергия есебінен сыртқы қысымға қарсы жұмыс істеледі. Қатты денелер мен сұйықтардың жылулық ұлғаюы атомдардың жылулық тербелістерінің симметриясыз болуына (ангармонизм) байланысты, осының себебінен Т (дененің абсолюттік температурасы) артқанда атомаралық ара қашықтық артатын болады.

ЖЫЛУЛЫҚ ШУЫЛ – өткізгіштердегі заряд тасушылардың жылулық қозғалыстарынан туындайтын токтардың және кернеулердің кездейсоқ ауытқулары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *