ЖЫЛУ АҒЫНЫ

ЖЫЛУ АҒЫНЫ – уақыт бірлігінде изотермиялық бет арқылы берілетін жылу мөлшері. Жылу ағынының өлшемділігі қуаттың өлшемділігімен үйлеседі (бірдей). Жылу ағыны ваттпен немесе ккал/сағат (1 ккал/сағат = 1,163 Вт) арқылы өлшенеді. Жылулық ағынның изотермиялық бет бірлігіне қатынасы жылулық ағынның т ы- ғ ы з д ы ғ ы, меншікті жылу ағыны немесе жылулық жүктеме деп аталған; әдетте q арқылы белгіленген, Вт/м2 немесе ккал/м2·сағат) арқылы өлшенеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *