
ЖҰЛДЫЗДАРДЫҢ ЖЫПЫЛЫҚТАУЫ – жарықтың рефракция құбылысына ұшырауы салдарынан байқалатын құбылыс. Телескоп арқылы жарық жұлдызға қарағанда оның сәл ғана қалтылдап (дірілдеп) тұрғаны байқалады. Егер жұлдыз көкжиекке жақындау орналасса, жай көзбен-ақ оның жарықтылығының және түс реңінің құбылуын айқын байқауға болады. Жұлдыз бірде айқын жарқыраса, бірде сөніп көрінбей қалады, кей кезде қызғылт реңді, кейде жасылдау түсті болып құбылып байқалады. Осы айтылған құбылыстар жұлдыздардан келетін арықтың жол-жөнекей ауа ағындарының (жылы және салқын) әсерлеріне ұшырап, одан соң сыну құбылысы мен ішінара дисперсия құбылыс салдарлары- ның жиынтығынан пайда болады.
Планеталар көкжиекке тақалған кейбір жағдайда ғана олардың әлсіз жыпылықтауы байқалады. Оның себебі планеталардың кішкене дискі тәрізді болып көрінуінде, жұлдыздар нүкте ретінде байқалатындықтан әлгіндей құбылысқа ұшырайды.