
ЖАРЫҚ СҮЗГІ – өзіне түскен оптикалық сәулелердің спектрлік құрамдарын және энергиясын өзгертуші құрылғы. Жарық сүзгінің әсері спектрлік іріктеушілігі болатын кез келген оптикалық құбылыстарға – жарықты жұтылуына (абсорбциялық жарық сүзгі), жарықтың интерференциясына (интерференциялық жарық сүзгі), жарықтың шағылуына (шағылдырғыштық жарық сүзгі), жарық дисперсиясына (дисперсиялық жарық сүзгі), т.б. негізделген бола алады.