ЖАРЫҚ АҒЫНЫ

ЖАРЫҚ АҒЫНЫ – сәуле ағынын бағалайты сәулелік шама, яғни жарық сезу түйсігін тудыратын оптикалық сәуле қуаты. Егер жарық көзінен шыққан жарық айналаға бірдей таралса, онда жарық ағыны мына формула бойынша анықталады: Ф = W/t, мұндағы W – сәулелік энергия мөлшері, t – уақыт. Кез келген жарық көзінің уақыт бірлігінде айналаға таралатын сәулелік энергиясының мөлшері осы жарық көзінің т о л ы қ  ж а р ы қ  а ғ ы н ы делінеді. Жарық ағынының Халықаралық бірліктер жүйесіндегі өлшеу бірлігі – люмен (лм).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *