
ЖАРТЫЛАЙМЕТАЛЛ – электрлік қасиеттері бойынша металдар және жартылайөткізгіштер арасынан орын алатын заттар. Жартылайметалдар үшін валенттік зоналар мен өткізгіштік зоналар әлсіз жабылу тән, бұл жайт бір жағынан жартылайметалдардың абсолюттік нөл температураға дейін өткізгіш, ал екінші жағынан ток тасушылары (~1018 – 1020 см–3) аз шоғырланатын болып қалады. Температура артқанда ток тасушылар саны көбейіп, электр өткізгіштігі жоғарылайды. Жартылайметалдарға висмут, сурьма, мышьяк, графит т.б. жатады. Жартылайметалдардағы ток тасушылардың жылжымалылығы үлкен және эффективті массасы аз болады. Осы қасиетінің арқасында жартылайметалдар күшті магниттік өрістерде өлшемдік эффектілерді, диэлектрик-металдық фазалық ауысуларды бақылауға арналған ыңғайлы нысандар болып табылады.