ЖАРҚЫРАУ

ЖАРҚЫРАУ – жарық тарататын беттен шығатын жарық ағынының, осы беттің ауданына қатынасымен анықталатын жарық шамаларының бірі. Халықаралық бірліктер жүйесіндегі (СИ-де) жарқыраудың бірлігі – квадрат метрге шаққандағы люменге (лм/м2) тең. Энергетикалық жүйедегі осыған ұқсас шама энергетикалық жарқырау деп аталған және ол Вт/м2-мен өлшенеді.

Анодтық жарқырау – солғын разряд кезіндегі газразрядтық түтік анодының маңайындағы жарық аймақ.

Теріс жарқырау – солғын разряд кезіндегі газразрядтық түтік катодының маңайындағы жарық аймақ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *