ЖАЛПЫ САЛЫСТЫРМАЛЫҚ ТЕОРИЯ

ЖАЛПЫ САЛЫСТЫРМАЛЫҚ ТЕОРИЯ (ЖСТ) – кеңістіктің, уақыттың және тартылыстың осы заманғы физикалық теориясы; 1915 жылы Альберт Эйнштейн (1879 – 1955) біржолата тұжырымдаған. ЖСТ-ның негізіне инертті массамен (Ньютонның екінші заңына енген) және кез келген денені эквиваленттілікті әкелетін, кез келген денеге арналған гравитациялық массаның (тартылыс заңына енетін) ғылыми тәжірибеден анықталған теңдік фактісі жатқан. Инерттік және гравитациялық массалардың теңдігі дененің тартылыс өрісіндегі қозғалысының дене массасына тәуелді болмайтындығын меңзейді. Осы жайт ЖСТ-на кеңістіктікуақыттық континуумның (үздіксіздік) майысуы (иілуі) ретінде түсініктеме беруге мүмкіндік береді. Сондықтан, ЖСТ салыстырмалық теория негізінде құрылған кеңістік-уақыттық тартылыс теориясы болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *