ДЫБЫСВИЗИЯ

ДЫБЫСВИЗИЯ (дыбыс + латынша «визио – көз, көру») – дыбыс (көбінесе ультрадыбыс) арқылы, мөлдір емес оптикалық ортада орналасқан нысанның көрінетін кескінін байқау. Дыбысвизияны дыбыстың өтімділік қасиетіне әртүрлі орталарда әрқилы жылдамдықпен таралу және оның көрсету мүмкіндігіне негізделген. Дыбысвизиясының сұлбасында ультрадыбыс көзі, бақыланушы нысан, ультрадыбыстық кескін тудыруға арналған объектив және ультрадыбыстық кескінді көрінетін кескінге түрлендіргіш (интроскоп) аспап болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *