ДОЗА.Интегарлдық доза.Жұтылған доза.Экспозициялық доза.Эквиваленттік доза

ДОЗА (грекше «досис – үлес»), с ә у л е н і ң – сәулеленуші зат жұтатын және оның бірлік массасына (жұтылған доза) есептелген иондауыш сәуленің энергиясы. Жұтылған энергия заттарды қыздыруға және олардың химиялық, физикалық түрленулеріне шығындалады. Доза шамасы сәуленің түріне, оның бөлшектерінің энергиясына, олардың ағындарының тығыздығына және сәулеленуші заттардың құрамына тәуелді. Бұл жайт бөлшектердің және фотондардың заттар электрондарымен және атомдарымен өзараәсерлесу үрдістерінің (процестерінің) әртүрлі болуына байланысты. Өзгедей шарттары тең кезде дозаның сәулелену уақыты қаншалықты ұзақ болса, яғни доза уақыт өткен сайын жинақталатындықтан ол соншалықты көп әсер етеді. Дозаның уақыт бірлігіне қатынасы дозаның қуаты деп аталған. Дозаның жұтылған бірлігі Халықаралық бірліктер жүйесінде (СИ) – г р э й (Гр) бірлігімен өлшенеді. Доза бірлігінің жүйеден тыс бірлігі – р а д көп таралған: 1 рад = 10–2 Гр. Дозаның қуаты Гр/сек, Гр/сағ-пен өлшенеді.

Экспозициялық доза – ауаның иондануы бойынша анықталатын рентгендік және γ-сәулелердің дозасы. Бұл доза ауада пайда болған екінші реттік электрондар мен позитродардың толық тежелуі кезінде қарапайым көлемде пайда болатын ауаның массасына қатынасындай Δm бірдей таңбалы зарядтардың қосындысына ΣQ тең: Dо =ΣQ/Δm. Экспозициялық доза кермаға (нейтрондар, рентгендік және γ-кванттар тудыратын барлық зарядталған бөлшектердің бастапқы кинетикалық энергияларына тең) пропорционал. СИ жүйесінде экспозициялық доза – Кл/кг бірлігімен өлшенеді. Ескірген жүйеден тыс бірлік рентген: 1 Р= 2,57976·10–4 Кл/ кг, бұл 2,08·109 жұп ионға (1 см3 ауада, 0°С-та және 760 мм сынап бағаны). Осы мөлшердегі иондарды тудыру үшін 0,114 эрг/см3, немесе 88 эрг/г-тең энергия шығындау қажет. Сонымен, 88 эрг/г – рентгеннің энергетикалық эквиваленті болады.

Эквиваленттік доза. Тірі организмдерді, дербес жағдайда адамды сәулелендірген кезде, биологиялық эффектілер пайда болады, олардың шамалары бірдей доза жұтылғанның өзінде әртүрлі сәулелер үшін әртүрлі болады. Сондықтан жұтылған дозаны білу радиациялық қауіпті бағалауға жеткіліксіз. Кез келген иондауыш сәуле тудыратын биологиялық эффектілерді рентгендік және γ-сәулелердің эффектілерімен салыстыру қабылданған. Адамның (салыстырмалы түрде аз дозамен) ұзақ уақыт қанша рет қауіпті сәулемен сәулеленуін білдіретін коэффициент – берілген сәуле түрінің рентгендік сәуледен қаншалықты жоғары екенін көрсетеді. Осы коэффициент – сәуленудің сапалық коэффициенті (К) деп аталған. Рентгендік және γ-сәулелену үшін К=1 (сапалық коэффициент 1-ге тең). Өзгедей басқа иондауыш сәулеленулер үшін К радиобиологиялық мәліметтер негізінде орнықтырылады. Сапалық коэффициент бір рет сәулелену үшін, әртүрлі энергия үшін әрқилы болуы ммүкін. Жылулық нейтрондар үшін К=3, ал ࣟ n = 0,5 МэВ энергиялы нейтрондар үшін К=10, ࣟ n = 5 МэВ үшін К=7.

Эквиваленттік доза Н жұтылған дозаның сәулеленуінің сапалық коэффициентінің көбейтіндісі ретінде анықталады: Н=DК. Эквиваленттік доза жұтылған дозаның бірліктерімен өлшене алады. Эквиваленттік доза үшін арнайы бірлік – б э р қолданылады. 1 бэр эквиваленттік доза К=1 болған кездегі 1 рад дозаға сәйкес келеді. Эквиваленттік дозаның Халықаралық бірліктер жүйесінде (СИ) бірлігі – з и в е р т (Зв). Бірнеше сәуле түрлері әсер еткен кездегі эквиваленттік доза Н=ΣКjDj.

Қысқа мерзімде 4 – 5 Зв (зиверт) эквиваленттік доза алған адамның (бүкіл денесі) өміріне қауіп төнеді, бірақ та бүкіл ғұмырында әлгіндей доза алған адам ешқандай көрінерліктей өзгеріске ұшырай қоймайды.

Дозаны өлшеу дозиметриялық аспаптармен жүзеге асырылады. Онкологиялық терапевтік локалді емдеу дозасы 3 – 4 аптада ~ 10 Гр (Грэй) шамасынан артық болмауы қажет.

Интегарлдық доза – сәулелендірілген дененің түгелдей жұтқан иондауыш сәулесінің жалпы дозасы.

Жұтылған доза – сәулелендірілген дененің кез келген бөлігінің жұтқан иондауыш сәулесінің энергиясының осы дененің сәулеленген бөлігінің массасына қатынасы.

Эквиваленттік доза – жұтылған дозаның сәуленің сапалық коэффициентіне көбейтіндісі.

Экспозициялық доза – барлық екінші реттік электрондар мен позитрондардың тежелуі кезінде ауада кез келген көлемде пайда болған барлық бірдей таңбалы иондардың қосынды зарядтарының әлгі көлемдегі ауа массасының қатынасына тең рентгендік немесе гамма-сәулелердің дозасы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *