
ДИФФУЗОР – ағын арнасының сұйықтың немесе газдың ағыны тежелетін және қысымы артатын бөлігі. Диффузор арналу мақсаты және геометриялық пішіні бойынша соплоға кері құрылғы. Орташа жылдамдықтың төмендеуі салдарынан ағын бағытында қысым артады және ағынның кинетикалық энергиясы ішінара потенциалдық энергияға түрленеді.
Дыбыс жылдамдығына дейінгі жыл- дамдықты дөңгелек қималы диффузор: 1 – диффузорға кіреберістегі қима;
2 – диффузордың соңындағы қима; 3 – жылдамдықтың артуы; 4 – қай- тымды ағыс; 5 – ағыс айналымы
Диффузордағы энергияның түрленуі соплодағы түрленуден өзгеше энтропиясы едәуір артады және толық қысым кемитін болады. Ағынның кинетикалық энергиясының шығындалған бөлігі құйындардың пайда болуына әрі оның сөнуіне жұмсалады және кедергі күшке қарсы жұмыс жасайды әрі қайтымсыз жылуға ауысады. Дыбыстық асқынжылдамдық жағдайында диффузорға енер тұстағы тежелу соққы толқындар аймағында жүзеге асырылады.