
Акустика-оптикалық дифракция – біртексіз ортадан ультрадыбыстық толқындар өткен кезде пайда болатын жарық дифракциясы.
Бөлшектер дифракциясы – микробөлшектердің толқындық қасиеттері болуы себепті кристалдардың немесе сұйық және газ молекулаларының микробөлшектерді шашыратуы.
Су бетіндегі дифракция Жарық дифракциясы
Жарық дифракциясы – жарықтың мөлдір емес тосқауылдың маңайына тақау өтуі кезінде жарық толқындарының түзусызықты таралу бағытынан ауытқуы.
Рентген сәулелерінің дифракциясы – кристалдардың немесе сұйықтар мен газдар молекулаларының рентгендік сәулелерді шашыратуы.
Толқындар дифракциясы – толқындардың тосқауылдардың маңайына тақау өтуі кезінде осы толқындардың түзусызықты таралу бағытынан ауытқуы.
Фраунгофер дифракциясы – жазық толқындық шебі болатын жарық толқындарының дифракциясы. Бұл дифракция неміс физигі Йозеф Фраунгофердің (1787 – 1826) құрметіне аталған.
Френель дифракциясы – сфералық толқындық шебі болатын жарық толқындарының дифракциясы. Француз физигі Огюстен Френельдің (1788 – 1827) құрметіне аталған.