
ДИСТИЛЛЯТ (французша «дистиллат», латынша «дистилляция – тамшылап ағу») – дистилляциялаудан алынған өнім.
ДИСТИЛЛЯЦИЯ (латынша – тамшылап ағу) – сұйық қоспаларды қоспалардың құраушы бөліктерінің қайнау температураларының немесе олардың булану жылдамдықтарының әрқалай болуы негізінде бір-бірінен ажырату. Дистилляциялау үшін қоспаның құраушыларының біреуінің буға айналуына жағдай туғызылады да соңынан осы бу конденсацияланып сұйыққа айналады.