ДИПОЛЬДІК МОМЕНТ

ДИПОЛЬДІК МОМЕНТ – зарядталған бөлшектер жүйесінің электрлік қасиеттерін сипаттайтын электрлік шама. Шамалары бойынша бірдей екі зарядтан (–е, +е) құралған жүйе электрлік диполь құрайды. р=еℓ, мұндағы – зарядтардың ара қашықтығы, осы ара қашықтықтың бағыты теріс зарядтан оң зарядты қарай бағытталған деп есептеледі. Дипольдік момент бейтарап жүйенің өлшемдерінен үлкен қашықтықта ол жүйенің электрлік өрісін әрі оған әсер ететін сыртқы өрісті анықтайды. Осындай жүйе өзгерген кезде электрмагниттік толқындар (дипольдік сәуле) таратылады. Кез келген зарядтық жүйе жағдайында оның электрлік өрісі әртүрлі реттілік мультиөрістермен анықталады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *