ДИПОЛЬДІК СӘУЛЕ.ДИРАК ТЕҢДЕУІ.ДИСКРЕТТІЛІК

ДИПОЛЬДІК СӘУЛЕ – сәуле таратушы (шығарушы) жүйенің электрлік дипольдік моментінің өзгерісі себепші болатын электрмагниттік толқындардың таратылуы.

ДИРАК ТЕҢДЕУІ – спині 1/2 (электрон, мюон, кварктер, т.б.) еркін бөлшектердің уақыттық күйлерінің өзгерістерін сипаттайтын толқындық функцияға арналған релятивитік (салыстырмалық) дифференциалдық теңдеу. 1928 жылы ағылшын физигі Поль Дирак (1902–1984) релятивитік инварианттылықтың сызықтықты (суперпозициялық принциптің ақиқаттылығын өрнектейтін), уақыт бойынша бірінші реттілікті (берілген сәттегі күйдің одан кейінгі уақыттар сәтіндегі күйлерді анықтауы үшін) талап етуі негізінде қорытып шығарған. Спині 1/2 бөлшектер үшін осы талапты тек төрт теңдеу ғана қанағаттандырған.

Дирак теңдеуі еркін бөлшектер үшін бөлшектердің импульсі (р), энергиясы (ࣟ) және массасы (m) арасындағы мынадай қатынасқа әкеледі:

2 = m2с4 + р2с2, немесе  = ± 2с42; тыныштықтағы бөлшектер үшін осы теңдеу ࣟ =± mc² (бөлшектің тыныштықтағы энергиясы) теңдеуіне сәйкес болады. – mc2 < ࣟ < mc2 энергия аралығы «тыйым салынған» аралық болып табылады. Өрістің кванттық теориясында теріс энергиялы бөлшектердің күйлері оң энергиялы, бірақ электр заряды қарама-қарсы антибөлшектер күйі ретінде түсіндіріледі. Сондықтан Дирак теңдеуінің төрт тәуелсіз шешімі спині 1/2 бөлшектердің де және антибөлшектердің күйлерін сипаттайды. Позитронда (антиэлектронды) тәжірибе жүзінде ашу Дирактың алдын ала болжаған дирак теңдеуінің үлкен жетістігі болды.

Дирак теңдеуі сипаттайтын зарядталған бөлшектердің еħ/2mc (Электрон үшін Бордың магнетонына тең) магниттік моменті болады. Бірақ та өрістің кванттық теориясындағы вакууммен өзараәсерлесу а н о м а л ь д і (қалыпты жағдайдан ауытқу) деп аталатын қосымша магниттік моменттің пайда болуына әкеп соқтырады, адрондар үшін бұл ерекше үлкен болады. Протонның тәжірибелік магниттік моменті оның қалыпты (дирактық) магниттік моментінен 2,8 есе артық.

Релятивитік емес шекте Дирак теңдеуі электрон үшін атомның энергиялық деңгейлерінің жұқа құрылымын біріктіретін Паули теңдеуіне ауысады.

ДИСКРЕТТІЛІК (латынша «дискретус – бөлшектенген, ажыратылған») – үзікүзік, жеке бөліктерден құралған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *