ДИНА (дин, dyn) (грекше «динамис – күш») – бірліктердің СГС жүйесіндегі күштің өлшеу бірлігі. 1 дина – массасы 1 г денеге 1 см/сек2 үдеу беретін күшке тең. Күштің Халықаралық бірліктер жүйесіндегі (СИ) өлшеу бірлігі Ньютон (Н). 1 дин = 1 г · см/сек2 = 10–5 Н=1,02 · 10–6 кг күш.
ДИНАМА – күш жұбынан және осы жұп жатқан жазықтыққа перпендикуляр күштен құралған күштер жүйесі.
ДИНАМИК (грекше «динамикос – күшті, динамис – күш ) – электрлік тербелістерді дыбыстық тербелістерге түрлендіретін құрылғы.