Механикалық деформация

Механикалық деформация – денелердің немесе оның бөліктерінің пішіндері мен өлшемдерін өзгертуге әкеп соқтыратын және бөлшектер арасындағы өзара әсерлесу күштерін өзгертетін яғни кернеулердің пайда болуын тудыратын, материалдық ортаның (қатты, сұйық, газтәрізді) көптеген бөлшектерінің өзара орналасуын өзгерту. Бүкіл заттар деформацияланатын болады. Деформация жылулық ұлғаюдың, магнит немесе электр өрістерінің, сондай-ақ сыртқы механикалық күштер әсерлерінің салдары болады.

Егер қатты денелерде жүктеме алынып тасталған соң деформация жойылатын болса, бұл деформация серпімді, ал егер жүктеме алынған соң да деформация әсері жойылмайтын болса, ол деформация пластикалық деп, егер деформация әсері түгелдей жойылмайтын болса, онда ол серпімді пластикалық деп аталады. Егер де деформация шамасы айқын түрде уақытқа тәуелді болса, мысалы, жүктеме өзгермейтін кезде артатын (өсетін) болса, бірақ қайтымды болса, бұл – тұтқыр-серпімді деформация деп аталады. Бүкіл нақты қатты дене тіптен аз деформация кезінде азды-көпті пластикалық қасиетке ие. Кейбір жағдайларда, серпімділік теориясындағыдай пластикалық қасиетті ескермеуге де болады.

Пластикалық деформацияның табиғаты температураға, жүктеменің әсер ету ұзақтығына немесе деформация жылдамдығына тәуелді түрде әртүрлі бола алады.

Қарапайым деформацияға салыстырмалы ұзару және ығысу жатады. Шыбықтың (стерженнің) немесе ортаның материалдық талшығының ұзындығының о ұзындықтың өзгерісіне ℓ – ℓо қатынасының бастапқы ұзындыққа о қатынасы салыстырмалы ұзару ε=(ℓ – о) /о деп аталған.

Деформацияны өлшеу (механикалық, электрлік, магниттік, т.б.) тікелей немесе жанама түрде дене нүктелерінің аралығын (оптикалық, пъезоэлектрлік, т.б.) өлшеуге негізделген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *