
ДЕЦИБЕЛ (дБ, dВ) (латынша «десем – он» + бел – логарифмдік салыстырмалы шаманың бірлігі) – логарифмдік салыстырмалық шама бірлігі; 1 дБ = 0,1 Б. Акустикада – дыбыстық қысым деңгейінің бірлігі; 1 дБ – 20 lg (p/pо) = 1 қатынасы орындалатын дыбыстық қысымның бірлігі (мұндағы pо – табалдырықтық дыбыс қысымы, 2·10–5 Па = тең деп есептеледі.