ДЕНЕ КООРДИНАТТАРЫ (латынша «ко – бірлескен» + «ординатус – реттелген) – нақты денелер материалдық нүкте ретінде қарастырылғанда оның кез келген уақыттағы жазықтығы немесе кеңістіктегі қалпын (орнын) анықтайтын сандар. Координаттарды анықтау үшін ең алдымен санақ денесі таңдалып, оған координаттар жүйесі байланыстырылады. Механикада көбінесе санақ денесі ретінде Жер шары алынады да, оған тікбұрышты декарттық координаттар жүйесі байланыстырылады. Материалдық нүктенің кез келген уақыттағы қалпын анықтау үшін уақыттық санақтың бас нүктесінің берілуі қажет.
Координаттар жүйесі, онымен байланысқан санақ денесі және дене қозғалысына қатысты қарастырылатын уақыттық санақтың бас нүктесі санақ жүйесін құрады.
Дене қозғалысының траекториясы, жүрілген жол мен орын ауыстыру санақ жүйесін таңдауға әуелді. Басқаша айтқанда механикалық қозғалыс – салыстырмалы қозғалыс.