ХV-ХVІІ ғасырлардағы әдеби тіл лексикасындағы көне сөздер
Заман неғұрлым әрілеген сайын қазіргі нормамен салыс- тырғанда, көнерген элементтердің молынан ұшырасуы – заңды да, түсінікті де. Бірақ әрідегі әдеби мұра ауызша сақталған- дықтан, көптеген бейтаныс дүниелер мәтіннен ығысып, біз- ге түсініктірек баламаларымен жеткені аян. Әйтсе де бұл мұра- лардан «көненің көздері» – архаизмдерді табуға болады. Оларды шартты түрде екі-үш топқа бөліп қарастыру керек. Бірін- шісі – бұл күнде мүлде қолданылмайтын бейтаныс түрлері, екіншісі – қазірде де түсінікті, бірақ қолданыстан шығып қалған пассив элементтер, үшіншісі – қазірде де қолданыла- тын, бірақ өзгеше мағынаға ие болғандар.
Алғашқы қатарда қыпшақ тобындағы түркі тілдеріне о бастан тән емес, көне түркілік бірен-саран сөз бар. Мысалы, Асанқайғының: Ал қолыңды маларсың Алтын менен күміске деген жолдарындағы ал сөзі – көне түркілік (және оғұздық) қол деген сөзі, сол сияқты жазы (дала, жапан дала), салу (қалдыру, тастап кету), кежі (күзет?), құрсау (орау), толғау (орау), толғамалы (оралған), сағыну (сақтану), күлем (?), сындырау (?), соңратын (соң, кейін), тебір (?) сөздері – өте көне, мағыналары бұл күнде не күңгірт тартқан, не өзге мәнде, онда да омоним ретінде колданылатындар. Мысалы, «қалдыру, тастап кету» мағынасындағы салу етістігі мен «қою, енгізу» ұғымындағы осы күнгі салу етістіктері – бір ұядан өрбіген, яғни семантикалық қозғалысқа түскен бір сөз емес, сыртқы тұлғалары бірдей, мағыналары бөлек омонимдер, ал сөзі де – сондай: «қол» мағынасындағы ал мен түсті білдіретін ал сөздері – омоним тұлғалар. Кұрсау сөзі «орау» мағынасындағы толғау деген сөз немесе айдай әлем, күндей күлем деген тіркестегі күлем сөздері – тұрақты тіркес – фразеологизмдер құрамында ғана сақталған «сарқындылар» (реликтілер), ал жазы, сақын, соңратын сөздері – осы күнгі жазық, сақтан, соң деген сөздермен түбірлес, сол себептен контекске қарай түсінігі де оңайырақ баламалар (эквиваленттер) болғанымен, қазірде қолданылмайтын тұлғалар.
Сындырау, тебір, ағбыту, көмбідей ару жалар, кірмембес, күрлем, күспен, ұным, нараду, нарт, үрмеу, ісіріп сияқты сөздердің мән-мағынасын түсінуге де, әзірше айқындауға да мүмкіндігіміз жоқ (әрине, бұл көрсетілгендердің бәрі бірдей – көне сөздер болмауы да ықтимал).
Үшінші топқа қарындас, жұрт, алаш, ару, ауыр, қыршын, озу тәрізді сөздерді жатқызуға болады. Бұлар – мағыналары біраз өзгеріп, семантикалық қозғалысқа түскен сөздер. Қарындас сөзі бұл күнге дейін екі мағынада қолданылады, бірақ осы кездегі әдеби нормадағы мағынасы – «ер адамның жасы кіші әйел жынысты туысқаны» және жалпы ер адамға байланысты айтылғандағы жасы кіші әйел заттың атауы. Ал ертеректегі қазақ әдеби тілінде бұл сөздің түпкі мағынасы және түркі жазбаларында кездесетін «бірге туысқан адам, аға, іні» деген ұғымнан ауысқан «жалпы туысқан, жақын рулас адам» дегенді білдірген. Асанқайғының: «Ол күнде қарындастан қайырым кетер» дегенінде де, Шалкиіздің: Жайыңды білген қарындас Ол қарындас әм жолдас дегенінде де бұл сөз әйел жынысты адам туралы емес, руластар жайындағы ойды білдіреді, қарындас сөзінің осы мағынасы қазақ мақалдарында да сақталған: «Ауру – астан, дау – қарындастан». «Жан – қарындас болса да, мал – қарындас емес» т.б. Бұл сөздің осы көрсетілген семантикасы қазақ әдеби тілінде ұзақ уақыт бойы сақталып келгені Махамбет, тіпті Абай тілінен де табылатындығынан байқалады. «Туысқан, жақын адам» мәнінде жұмсалуы қазіргі қазақ поэзиясында да жоқ емес.
Ауыр сөзі ертеректе жұрт, қол сөздерімен тіркесіп, «күшті, мықты, зор» деген мағыналарды берген. Бұл сөз көне және орта ғасырлардағы түркі ескерткіштерінде осы күнгідей сал- маққа қатысты мағынасымен қатар, «многочисленный, драгоценный, сильный, уважаемый, доблестный» («көп, бағалы, күшті, қадірлі, мықты») деген мағыналарда да қолданылғаны көрінеді[1]. Қазақ жыраулары да ауыр сөзін соңғы осы көрсе- тілген мағынада жұмсаған. Ол көбінесе жұрт, қол сөздерімен тіркесте келеді: «Тебірлерге қалғанда, Теңселер сойды ауыр ноғай жұртыңыз»… «Тебіренсе, ауыр жұртын тындырмас (Шалкиіз). «Алқалаған ауыр қолдар тоқтарға» (Шобан) т.б.
Игі қыршын сөздері де қазіргі игі жақсы, қыршын жас, қыршынынан қиылды тәрізді тұрақты тіркестерде сақталған болса, ертеректе алғашқысы жақсы сөзінің синонимі ретінде актив қолданылған, әсіресе ол жақсы сөзінің баяндауыштық қызметіндегі кезекші сыңары (дублеті) болып келеді. Мысалы, Шалкиіздің: «Асау тулап жықпаса, Артқы айылдың беркі игі» деген үлгіде келген толғауы түгелімен жақсының орнына игі сөзінің қолданылуы арқылы жасалған. Игі сөзінің осы қызметі мақал-мәтелдерде де сақталған (Түсі игіден түңілме т.б.). Бұл тұлға қазір тек адамға қатысты сөздермен тіркесуге бейім, ал XV-ХVII ғасырларда ол әлдеқайда еркін тіркестерде келеді.
Қыршын сөзі де – бұл күнде «сіріленген» тұлға, ол көбі- несе жас сөзімен келіп, сын есімдік қызмет атқарады немесе қыршынынан қиылу тәрізді тұрақты тіркес құрамында қолданылады. Ал Шалкиіздегі: «Жағасына қыршын біткен тал еді» деген жолдардағы қыршын сөзі жеке жұмсалып тұр. Бұл сөз Ш.Уәлихановтың назарына да іліккен-ді. Ол: «қыршын сөзі өсімдіктің атауы ретінде қазақ тілінде кездеспейді, ал бірақ эпоста: Құмға біткен қобаршын, Кесіп алып сал еттім деген жолдар бар»,– дейді. Бұл сөзді ғалым оның орта ғасырдағы қазақ тарихшысы Қадырғали бидің мәтінінде кездескенге байланысты әңгіме етеді. Онда мынадай сөйлем бар: «Дарийа арасын дан қырчын лар йығыб сал бағлаб, дарийаны кечті». Біздің байқауымызша, қазақ тілінде де қыршын сөзі өсімдіктің (талдың) аты ретінде қолданылған. Сондай-ақ оның «жас» деген мағыналық реңкі де болған. Осы күнгі қыршын жас, қыршынынан қиылды деген тіркестер талданып отырған сөздің осы мағыналық реңкімен байланысты жасалған.
Озу етістігінің ертедегі жиі қолданылған, мағынасы – «жалпы өту», озу сөзінің бұл күнгідей салыстыру («біреудің біреуден озуы, аттың аттан озуы» деген сияқты) реңкі жоқ: «Озар сүйте бұ дүние Азаулының Аймәдет ер Доспамбет ағадан» (Доспамбет). «Сол уақыт озған күндер» (Қазтуған). «Атқан оғын оздырған» деп келетін жолдардың барлығында да озу етістігінде салыстырудан туған іс-әрекет ұғымы жоқ, жалпы ілгері жүру (кету, созылу) мағынасы ғана бар.
Байтақ сөзі бұл күндегі әдеби тілімізде «ұшы-қиыры жоқ кең» деген сын есімдік мағынада қолданылады. Ал Шалкиіз- дің бір толғауында: «Алаштан байтақ озбаса, Сыпайшылық сүрмен-ді» десе, мұндағы байтақ сөзінің семантикасы бөлекше. Байтақ бұрын қазақ тілінде зат есім мағынасында қолданылып, «белгілі бір жұрт, халық тұтастығы» («этникалықтерриториялық бірлік»), яғни «ел, жұрт» деген ұғымды біл- дірген. Эпостық жырда өз ханына өкпелеп, қайрылмай кетіп бара жатқан батырға «кері қайт» деп өтіне келген адам: «Бай- тақ бөліп береді, Падсалықты құр сәна» деп уәде береді. Мұндағы байтақ деп отырғаны – белгілі бір мекендегі белгілі бір ел, яғни кішігірім хандық. Бұл сөздің қазірде қолданыла- тын байтақ ел, байтақ жұрт деген тұрақты тіркестердің қалыптасуына себепкер болған. О баста байтақ ел, байтақ жұрт деген жеке сөздердің баламасы ретінде жұмсалған.
Келе-келе байтақ сөзінің алғашқы мағынасы күңгірттеніп, «кең, ұшы-қиыры жоқ, барлық» деген мәнге ие болып қалған: байтақ дала – кең дала, байтақ өлке – кең өлке, ұлан байтақ.
Соқта сөзі қазіргі «шәкірт» мағынасында тек қазақ пен ноғай әдебиетінде сақталған деп Сәкен Сейфуллин атап өтеді[2]. Қазірде де қолданыста бар, мағынасы да айқын ару сөзін ертедегі нұсқалардан жиірек кездестіреміз, мұнда бұл сөз екі түрлі мағынада келеді: бірі – жеке тұрып, «сұлу, көрікті әйел, сүйікті қыз, жар» деген мәнде. Доспамбет жырау өз портретінің бір жерінде: «Алғаным Әли ағаның қызы еді, Қас арудың өзі еді» десе, екінші бір жерінде: «Зерлі орындық үстінде, Ал шымылдық ішінде Тұлымшағын төгілтіп, Ару сүйдім – өкінбен» дейді. Сонымен қатар ертедегі қазақ әдебиеті тілінен ару ат, ару ұл, ару батыр деген тіркестерді де ұшыратамыз: «Ақтабан ару торы ат жайлаған» (Шобан). «Айсұлдың ару Әметі тұрғанда» (Шалкиіз). Бұл күнде ару ат, ару батыр дегендер құлаққа жат естіледі. Қазірде ару сөзі әйелге, көбінесе пәк сұлу қызға қатысты қолданылса, бұрын бұл сөз «жақсы, мінсіз, асыл» деген ұғымда да келіп, ат, жігіт сөздерімен тіркесе алғанын көреміз. Оның бұл жұмсалысы бұрынғы «таза, кіршіксіз, пәк» деген түпкі семантикасынан ауысқан.
Бұлардың барлығы да бір алуан сөздердің бұдан үш-төрт ғасыр бұрынғы мағыналары (жұмсалуы) қазіргіден біраз өзге- ше болғанын танытады. Және бірқатар сәттерде ертеректегі қазақ әдеби тілінің кейбір лексикалық нормалары ортағасыр- лық түркі әдеби тілдерімен сай түсіп жататынын байқаймыз. Мысалы, озу, қарындас, жұрт, ауыр, алып, ару, игі сөздері Хорезм, Алтын Орда ескерткіштерінде де, Мамлюк ескерт- кіштерінде де осы мағынада қолданылған. Мұның себебін, бір жағынан, ортағасырлық түркі әдеби тілдері мен жазба әдебиетінің қазақ халқын құраған ру- тайпалардың руханимәдени өмірінде де белгілі орын алғанынан іздесек, екіншіден, орта ғасырлардағы түркі әдеби үлгілерінің де, ертедегі қазақ әдебиетінің де негізгі тілдік базасы – халықтың ауызекі сөйлеу тәжірибесі болғандығынан іздеу керек шығар.
Көне элементтердің үшінші тобы – тарихи сөздерге (историзм деп аталатын) келсек, оларға жоғарыда сөз болған көне қару-жарақ атаулары, қоғамдық-әкімшілік терминдері, сол кез- еңдегі қазақ қауымының күнкөріс-тіршілігіне байланысты тұрмыстық лексика топтары жатады. Бұлардың ішінде садақ, кіреуке, дулыға, талыс сияқты бұл күнде жалпы мағыналары белгілілері де бар, сонымен қатар тондық, ала, сақетер, құспен сияқты қазірде түсініксіздері де бар. Қазіргі қазақ әдеби тілінде қолданылмайтын кейбір тұлғаларды көне сөздер деуге де болмайды. Мысалы, Асанқайғыдағы: «Көркіменен сәндеген, Сұлу үнмен үндеген» деген жолдардағы көрсетілген сөздер (сәнде- ген, үндеген), әрине, көне емес.
Міне, XV-ХVII ғасырлардағы қазақтың ауызша дамыған төл әдеби тіліндегі бұл күнде көнерген элементтер қатарына жататын лексикалық топтардың жалпы сипаты, түрлері, тегі – осы баяндалғандай. Бұл дәуірлерде көне сөздер мен көне тұр- ақты тіркестер әлдеқайда молырақ болуға тиісті, бірақ ауызша сақталуының ерекшелігінен бұлар сан жағынан едәуір кеміген.
Сөз етіп отырған дәуірлердегі әдеби үлгілердің тілінде көне сөздердің сақталуына бірнеше жағдай себеп болған. Біріншісі – көркем туындының поэзия түрінде болғандығы. Ұйқас, өлшем тәрізді өлең шарттары көп сәттерде мәтінді өзгерте беруге жібермейді. Буын саны кем не артық шығып, немесе ұйқасы келмеген сөздер қаншама жақсы, түсінікті болғанымен, бейтаныс көненің қалдықтарын ығыстыра алмауы мүмкін. Оның үстіне қазақ тәжірибесінде өлең сөзді жаттаушы (жеткізуші) оны естіген қалпында қабылдауды машық еткен. Сондықтан кейбір бейтаныс сөздер мен тұлғаларға ол көп мән бермеуі де ықтимал. Бұған мәтін ішіндегі бірді-екілі сөздің шығарманың тұтас мазмұнын, идеясын, көркемдігін түсініп сезінуге пәлендей нұқсан келтірмейтін фактісі де себеп болса керек.
Екінші себеп (фактор) – ертедегі әдеби үлгілердің ішінара қолжазба түрінде сақталуының да орын алғандығы деп топшылаймыз. Етек алып, дәстүрге айналмағанымен, қазақ қауы- мында да әр алуан мұраларды (айталық, тек өлеңдер ғана емес, шежіре мен шешендік сөздер сияқтыларды да) жазба түрінде сақтау фактісі болған. Әсіресе XIX ғасырдың өн бойында қолжазба дәптерлер таралып келгенін сол мұралардың тілі бір дәлелдесе, осы тұста орыс зерттеушілері айтқан (жазған) сөздер екі дәлелдейді. Мысалы, XIX ғасырдың соңғы ширегін- де қазақ халқының тілі, мәдениеті, этнографиясы, шаруашылы- ғы т.б. жайында жарық көрген әдебиеттің библиографиясын жасаған ағартушы А.Алекторов қазақтарда XIX ғасырдың екінші жартысында қолжазба дәптерлердің бар болғанын білдіреді. Шалкиіз, Қазтуған өлендерінің XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бас кезінде баспа бетіне жариялануының өзі ішінара қолжазба материалдарға сүйенгені хақ. «Шайыр», «Жақсы үгіт», «Мұрат ақынның Ғұмарқажы ұғлына айтқаны» сияқты XIX ғасырда жарық көрген жинақтарды бастырушылар тек ауызша жырланғаннан жиылған материалдарды ғана емес, әлдеқалай сақталған дәптерлерді де пайдаланған тәрізді. Өйткені мәтіндер барлығында бірдей, бір-біріне дәлме-дәл түсіп отырады.
Көне сөздер мен көне поэтикалық құралдардың сақтал- уына себеп болған үшінші фактор – әдеби тіл нормаларының тұрақталып, қалыптасу қасиетіне ие екендігі. XV-ХVII ғасыр- лардағы, тіпті кейбірі одан да арғы дәуірлердегі жеке образ- дардың (поэтикалық жүк арқалаған сөздер мен тіркестердің) өміршеңдігінен, тұрақтылығынан олар бір дәуір аясында қалмай, кейінге ұласа берген. Кейде тіркес ішіндегі жеке эле- менттердің көнергендігіне, түсініксіздігіне қарамай, жалпы образ таныс дүние ретінде қолданыла береді. Мысалы, тол- ғамалы деген сөздің кейінгі замандардағы қазақ тілі үшін «оралған, сабы бірдеңемен оралған» деген мағынасы көмес- кіленгеніне қарамастан, толғамалы ақ сүңгі, толғамалы найза тәрізді тіркестер әбден тұрақталып, қазақтың көркем поэзиясы тілінде күні кешеге дейін (Махамбет, Шернияздарға дейін) орын алып келген.
Бір алуан сөздердің біз әңгіме етіп отырған дәуірлер тілін- де қазіргіден өзгеше мағынада жұмсалуы – сөздің мағыналық өзгерісінің (дамуының) нәтижесі. «Қарындас», «әскер» мағынасындағы қол, ауыр, ата, ару, ойын сияқты сөздердің мағыналары бірте-бірте тарылып, олардың өзге сөздермен тіркесу аясы шағындалған. Керісінше, кейбір сөздердің қосал- қы немесе жаңа мағыналары пайда болған. Мысалы, жұрт сөзі бұрынғысынша жалпы «ел, халық» дегенмен қатар, «көш- кен ауылдың орны» және «жалпы адамдар» (жұрт не демейді? деген сияқты сөйлемдерде) деген тәрізді ұғымға ие болған.
Бірқатар сөздердің қазіргіден мағына өзгешелігінің және бір себебін XV-ХVI ғасырлардағы қазақ поэзиясы тілінің де ортағасырлық түркі әдеби тілдерімен, оның ішінде Алтын Орда, Хорезм ескерткіштері тілдерімен іліктестігінен деп топ- шылауға болады. Бұл іліктестіктің тамыры ол тілдердің қайқайсысының да қайнар көзі халықтың ауызекі сөйлеу тілі мен ауыз әдебиеті дәстүрлеріне қатыстылығында болса керек. Мысалы, біздің нұсқаларымыздағы аға, жүмле, абадан, жазы, игі, ауыр, ару сияқты сөздер мен бір алуан грамматикалық тұлғалар осыны көрсетеді.
[1] Фазылов Э. Староузбекский язык (Хорезмские памятники XIV в.). — Ташкент, 1966. — Т.І. — С. 104-105.
[2] Сейфуллин С. Шығармалар. — Алматы, 1964. — VI т. — 328-б.
Р.СЫЗДЫҚОВА