Араб алфавитінің құрамы мен оның түркі тілдерінде қолданылу тарихы.

Араб алфавитінің құрамы мен оның түркі тілдерінде қолданылу тарихы.

Араб алфавитінің құрамы(28 әріп), байырғы араб графикасының классикалық араб тілінің фонетикалық жүйесіне сүйенгені.. Барлық әріптердің дауыссыз дыбыстарды таңбалайтыны, сонымен қатар үш әріптің созылыңқы дауысты а, у, и дыбыстарына жұмсалатыны( «алиф», «уау», «йа» деп аталатын әріптер).

«Құран» кітабын, әліппені дұрыс оқыту мақсатымен қысқа дауысты дыбыстардың да диакритикалық сызықша таңбалар арқылы(жолдың үстіне, астына қойылған) көрсетілуі. Әріп көпшілігінің сөз басында, ортасында, соңында қолданылуына орай түрліше жазылуы. Араб алфавитінің арамей жазуының бір тармағы набатей алфавитінің негізінде шығуы, оның ислам дінінен бұрын пада болғаны туралы түсінік. ҮІ ғасырда құрамында 22ғана әріп, ал ҮІІІғасыдан бастап 28 әріп болғандығы. Бұл жазудың кең таралуы, арабтан басқа халықтарға да жайылуы, себептері. Жазудың негізгі түрлері(«насх», «куфи», т.б.) Баспахана жолымен кітап бастыру үшін бұл алфавиттің «насхи» түрі қолданылғаны(ХІХғ).

Араб графикасының түркі тілдерінің, соның ішінде қазақ тілінің фонетикалық жүйесіне сәйкес болмауы, қолданыстағы қиыншылықтары.

Жазу мен оқудағы үлкен алшақтық. Дауысты дыбыстардың толық қамтылып таңбаланбауы( мысалы, ескі жазуда еріндік дауысты дыбыстардың бір ғана араб әрпімен берілуі). Кейбір дауыссыз дыбыстардың(б-п, к-г) ұяң, қатаң болуына қарамастан, жалғыз таңбамен берілуі. Себебі араб алфавитінде п фонетикасына сай қосымша әріп қолданыла бастауы.( мысалы, «кәф» әрпінің негізінде г мен ң дыбыстарын белгілеу). Алфавит  құрамының кеңеюі(29,31,32,38 әріпке дейін жету).

Әдебиеттер:

  1. Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі .- Павлодар, С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2010. -229 б

2.Сартқожаұлы Қ. Байырғы түркі жазуының генезисі. Алматы: Арыс, 2007. -301 б

  1. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. — Павлодар, С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2010. – 255 б.
  1. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. — Алматы: Арыс, 2008. -470 б.
  2. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. — Алматы: Санат, 2009. -496 б.

Қосымша:

  1. 6. Махмұт Қашқари. Түркі сөздігі. Алматы, Сөздік-Словарь, 2006. -336 б
  2. 7. Түркі тілдері (Энциклопедиялық басылым). Астана: Фолиант, 2002. -699

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *