
ГОМОГЕНДІ ЖҮЙЕ (грекше «һомогенес – біртекті») – қасиеттері (химиялық құрамы, тығыздығы, қысымы, т.б.) кеңістікте үздіксіз өзгеретін термодинамика- лық жүйе. Газ қоспалары, сұйықтар немесе қатты ерітінділер және басқа жү- йелер – гомогенді жүйелер болады. Гомогенді жүйелер физикалық біртекті және біртекті емес жүйелерге ажыратылады. Біртекті гомогенді жүйелерде осы жүйе- нің әртүрлі бөліктерінің қасиеттері бірдей, ал біртекті емес жүйелердің қасиет- тері – әртүрлі болады. Біртекті емес гомогенді жүйедегі қасиеттердің үздіксіз өзгеруіне орай гетерогенді жүйедегіден айырмашылығы болады. Бұл жүйеде – бірінен-бірін шектеп ажыратушы беттер жоқ, сол себепті мұнда шектейтін ажыратқыш беті болатын бөлік жоқ, олай болса ең болмағанда бір қасиеті өзгеретіндей секіріс те болмайды. Тартылыс өрісіндегі газ – физикалық біртекті емес гомогенді жүйеге мысал болады, оның тығыздығы биіктікке көтерілген сайын үздіксіз өзгеретін болады.