
ГИСТЕРЕЗИСТІК ҚҰБЫЛЫС, э л е к т р о н д ы қ а с п а п т а р д а ғ ы – электрондық аспаптың кез келген сипаттамасының оны анықтайтын шамалардың біріне бірмәнді емес тәуелділікпен өрнектелуі. Өндірілетін (шығарылатын) қуаттың шағылыстырғыш клистрондағы кернеуге бірмәнді емес тәуелділікте пайда болуы әлгі шағылыстырғыштың электрондық гистерезисі – гистерезистік құбылысқа мысал болады. Электрондық гистерезис кернеудің бір мәндерінде қуат шығаруды азайтуы мүмкін және кернеудің өзге мәндерінде қуаттың шығуы секірісті пайда болуына әкеп соқтырады.