ГИСТЕРЕЗИСТІК ШЫҒЫНДАР

ГИСТЕРЕЗИСТІК ШЫҒЫНДАР (w0) – магниттік материалды толық бір циклде осы материалдың бірлік көлемінде шығындалатын энергиясы; жалпы жағдайда магниттік гистерезистің тұзағының ауданымен өрнектеледі. Әдетте гистерезистік шығын қаншалықты аз болса, магниттік материалдың сапасы соншалықты жоғары болады. Мысалы, жоғары сапалы пермаллойдың гистерезистік шығыны (4–50)∙10–7Дж/см3 индукцияның максимал мәні кезінде [0,5 Тл (Тесла)].

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *