ГИПЕРЗАРЯД

ГИПЕРЗАРЯД (Ү) (грекше «гипер – жоғары, үсті, асқан») – адрондардың изотоптық мультиплетіндегі (көп еселігіндегі) бөлшектердің екі еселенген ор- таша электр зарядына тең сипаттамасы. Мультиплет бөлшектерінің электр заряды (Q) Гелл-Манн – Нишиджима формуласымен анықталады: Q = I3 + Y/2 (мұндағы І3 – бөлшектердің изотоптық спинінің үшінші проекциясы). Гиперзаряд адрон- ның өзгедей кванттық сандарымен өрнектеледі (бариондық заряд, ғажайыптық, «таңданарлық», «сұлулық»).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *